Бала динозавр – Арло бейқам күндерді бастан кешіп жүрген. Бірақ тосыннан келген су тасқыннан кейін енесінен ажырап қалады. Түрлі жыртқыштар мен құбыжықтар тіршілік еткен дәуірде жалғыз қалған ол күтпеген жерден қамқоршысын кезіктіреді.
—Динозавр мен адам кездеседі…
Жан-жақтан төнген қауіп-қатер адам мен алып жануарды нағыз дос етеді. Бір-біріне тіреу болып жүріп, ақырында бауыр басып та қалады.
-Адам динозаврды қорғайды.
Күндердің күнінде Арлоны адам үйіріне қайтармақ болады. Алайда жолда оларды түрлі қақпан тосып тұр. Тек шынайы достықтың арқасында олар қатерден аман қалды.
—Ах ты! Мой любимый зуб! Надеюсь, у тебя нежное мясо!
Бұл фильмдегі кейіпкерлерді тек экраннан емес, кинотеатр ішінен де кезіктіруге болады.
—Динозавр кинотеатр ішінде.
Динозаврды қызықтаған балақайлардың қуанышында шек жоқ. Бірі құйрығын тартып ойнаса, енді бірі тұмсығынан ұстап мәре-сәре. Кішкентайларды қуантқан көне дәуірдегі тіршілік иелері үлкендерді де бей-жай қалдырмады.
Катерина Мұратова:
-Да! Очень понравился! Я до сих пор на эмоциях! Слезы только вытерла весь фильм мы ревели с детьми вместе!
Ендеше сіз де бұл қызықтан қапы қалмаңыз. «Сони» және «Дисней» киностудияларының ресми дистрибьюторы «Меломан» компаниясы ұсынған «Мейірімді динозавр» атты отбасылық фильмді балаларыңызбен бірге тамашалауға асығыңыз.