«Адамзаттың ұлы тарихы» фильмі алматылықтарға қазақ тілінде көрсетілді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+2 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Адамзаттың ұлы тарихы» фильмі алматылықтарға қазақ тілінде көрсетілді

«Адамзаттың ұлы тарихы» фильмі алматылықтарға қазақ тілінде көрсетілді

Адамзаттың ұлы саяхаты. Осындай атаумен түсірілген ғылыми деректі фильм алматылықтарға қазақ тілінде көрсетілді. Дүниежүзі бойынша, милл

  • 29 Қараша 2016
  • 1134
Фото - Caravan.kz

Адамзаттың ұлы саяхаты. Осындай атаумен түсірілген ғылыми деректі фильм алматылықтарға қазақ тілінде көрсетілді. Дүниежүзі бойынша, миллиондаған телекөрерменге ұнаған ғылыми-көпшілік фильм, енді қазақстандық көрермендерге жол тартпақ, деп хабарлады Алматы арнасы. 

Фильм авторы, продюсері мен режиссері, атақты антрополог Найоби Томпсон. Кинотуынды арқылы көрермендер адамзаттың эволюциялық тарихының таңғажайып әлеміне шомып, ежелгі адамдардың көшіп-қонып, бейімделгені туралы біле алады.

«Мен қазақстандықтарды адамзаттың пайда болу тарихымен таныстыруға қуаныштымын. Көрермендерді қызықтыратын әңгімелер санаулы болса да, адамзат тарихы жайлы оқиғалар қашан да назарымызды еліктіріп алары сөзсіз. «Адамзаттың ұлы саяхаты» фильмі құрып кетуге душар болған адамдардың қалай аман қалғандығы, тілі мен өнері қалай пайда болғаны жайлы толыққанды көрсетеді», — деді антрополог Найоби ТОМПСОН (Канада).

Осы фильмді түсіру үшін антрополог пен 22 кинематографтардан тұратын топ бес құрлықта тарих ізімен екі жылдан астам уақыт бойы жиһан кезген. Олар арктикалық Сібірде, Беринг бұғазында, тропикалық ормандар мен африка шөлдерінде жұмыс істеген. Найоби Томпсон фильмнің жалғасын түсірмек ниетте. Қаузайтын тақырыбы адамзат пен жануардың байланысы. Себебі, Қазақ елінде атбегілік өнерді жақсы меңгерген. Айта кетейік, «Адамзаттың ұлы тарихы» фильмі 50-ден астам елде көрсетіліп жатыр.