Сонымен, елді шулатқан ерлі-зайыптылардың қазіргі өмірі қалай болып жатыр? Ашық ақпарат көздерін ақтарып, сүйінші жаңалықты көзіміз шалды, деп жазады Caravan.kz медиа-порталы.
Гүлзат пен Ғалымжан перзентті болыпты. Дүниеге Ілияс есімді батыр келген екен. Отбасылық суреттеріне қарап сүйсінесің.
Еске салайық, Гүлзат Әуезбекова 1999, ал жары Ғалымжан Бағытжанов 1996 жылы туған. Қыз-жігіт болып 7 ай жүріп, үйленген. Бұл жұп туралы Ләйла Сұлтанқызы "Ғалымжанның бойы 138 см, Гүлзаттың бойы 158 см. Жарының бойын сынға алып, Гүлзатқа жаман пікірлер жазып жекесіне шығып жатқандар да жетерлік. Жастар бір-бірін жақсы көрсе, бақытым деп бағаласа бойда тұрған ештеңе жоқ деп ойлаймын", — деп жазған болатын.
Дегенімен, Гүлзаттың жуырда ғана Threads әлеуметтік желісіне жариялаған жазбасы алаңдатып қойды. Ол жерде Гүлзат былай деп жазған: