Әдеби жүлделер алдын ала келісіммен беріле ме? - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әдеби жүлделер алдын ала келісіммен беріле ме?

Әдеби жүлделер алдын ала келісіммен беріле ме?

Белгілі бір салада байқау жарияланса, оның жүлделері кімге бұйыратыны алдын ала белгілі болады деген әңгіме бұрыннан айтылып жүр. Енді әлеуметтік желіде соны ұйымдастырушылардан өз құлағымен естіген адамның жазбасы пайда болды.

  • 27 Қазан 2016
  • 781
Фото - Caravan.kz

Жас жазушы Аягүл Мантай Фейсбуктегі парақшасында осыдан біраз уақыт бұрын біреулердің өзін әдеби байқауға қазылар алқасының мүшесі болуға шақырғанын айтыпты.

Аягүл МантайАягүл Мантай

«Қаншама шығарманы оқисың, ой қорытасың, еңбек пе, иә, еңбек. «Жүз адамнан келіп түскен шығармаларды оқуға қаншама уақытым, қаншама энергиям кетеді» деп қаламақы туралы сұрадым. «Қаламақысы несі? Жұрттар қазылар алқасының мүшесі болғанға қуанады. Сізге жүз адамның шығармасын оқудың қажеті жоқ. Жүлде алатын қыз-жігіттердің ғана шығармасын оқысаңыз жетеді. Сіз тек қазылар алқасының мүшесі болуға келісіп, қол қойсаңыз болды» дейді еш саспастан. «Сіздер жүлдеге лайық деп таныған адамның шығармашылығын мен мүлдем мойындамасам ше…» десем, «ол жағын сосын келісеміз ғой, сіз бірінші келісіміңізді беріңізші» дейді. «Менің принципім мен сіздердің әдебиетке деген көзқарастарыңыз мүлдем сәйкес келмейді» деп бас тарттым. Кім біледі, ол да «жаудан құтылдық» деп жеңілдеп қалған шығар» дейді жазушы.

Аягүл Мантай өз жазбасын бүгінгі әдеби ортадан көңілі қалғанын айтып қорытындылаған.


«Мен біздің әдеби ортадан қатты қорқам… Бұл өзі әбден ластанған, ар мен ұятты аяққа таптап жатқан қорқынышты орта…» дейді ол.