Әдепсіз қылығымен көзге түскен Ұлыбритания азаматынан кепілхат алынып, тергеу жүргізіле бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 450.79
  • 482.21
+27 °C
Алматы
2024 Жыл
15 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әдепсіз қылығымен көзге түскен Ұлыбритания  азаматынан кепілхат алынып, тергеу жүргізіле бастады

Әдепсіз қылығымен көзге түскен Ұлыбритания азаматынан кепілхат алынып, тергеу жүргізіле бастады

Әуежайда әдепсіз қылығымен көзге түскен шетелдік азамат үйіне жіберілді. Астананың тәртіп сақшысына күш көрсеткен бұзақыны полиция бөлімінен отандастары алып кеткен. Жергілікті ішкі істер органдары   Ұлыбритания өкілінен ел аумағынан ешқайда кетпейтіні жөнінде кепілхат алып, тергеу жүргізуге кірісті.

  • 30 Маусым 2011
  • 682
Фото - Caravan.kz

Бригс Пол Спенсер 47 жаста, ол мұнай компанияларының бірінде лауазымды қызмет атқарып жүрген көрінеді. Соған қарамастан шетелдік азамат асқан мәдениетсіздік көрсетті. Мас күйінде ұшаққа жіберілмегені үшін өзге жолаушыларды балағаттап, біріне тіпті  қол көтерген. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкері де мас жолаушының күш көрсетуіне тап болған. Спенсердің жағымсыз қылығы туралы Ұлыбритания елшісі  хабардар.  Елшілік өкілдері іске араласып, отандастарын темір тордан әзірге құтқарған сыңайлы. Алайда қандай да бір сұхбат беруден бас тартты.


Мақпал Көшербаева
, ҚР ІІМ Көліктегі ішкі істер департаментінің ақпарат басқармасы бастығының міндетін атқарушы:

— Ауруханаға барған көрінеді. Бірақ полиция қызметкерлері ме, әлде өзі құлағаны ма, ол тергеу барысында белгілі болады.  Өйткені ол жердегі бейнебақылау жазбалары алынып, тексеріледі. Оның қандай күйде болғаны, қаншалықты мас болғаны  тексеріледі.

Соңғы жаңалықтар