"Әділ ғана жүлдеге жақындап еді...". Қазақстандық спортшылар Бейжіңдегі Олимпиаданың бесінші күні қалай өнер көрсетті? - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Әділ ғана жүлдеге жақындап еді...". Қазақстандық спортшылар Бейжіңдегі Олимпиаданың бесінші күні қалай өнер көрсетті?

"Әділ ғана жүлдеге жақындап еді...". Қазақстандық спортшылар Бейжіңдегі Олимпиаданың бесінші күні қалай өнер көрсетті?

 

  • 10 Ақпан 2022
  • 76
Фото - Caravan.kz

 Қытай астанасы Бейжің қаласында қысқы Олимпиада ойындарының бесінші жарыс күні аяқталды, деп жазады Caravan.kz медиа порталы Vesti.kz-ға сілтеме жасап. Қазақстан құрамасының қоржынына тағы да жүлде түспеді.

Қазақстандық спортшылар арасында жүлдеге Әділ Ғалиахметов жақын болды. Ол шорт-тректен 1500 метрге сайысқа түсіп, финалдық кезеңге шықты. Алайда Ғалиахметов финалда тек сегізінші орын алды. Аталған жарыста Оңтүстік Кореяның өкілі Тэ Хон Хван алтын алды. Күміс жүлде канадалық Стивен Дюбоға бұйырса, қоланы ресейлік Семен Елистратов иеленді.

Финалдық кезеңге Әділ Ғалиахметовтің жолы болып шыққанын да айта кетейік. Ол негізі жартылай финалда алтыншы орын алған еді. Дегенмен төрешілер жарыстан кейін бейнеқайталауды қарап, қытайлық Жи Вей Реннің ереже бұзғанын анықтады. Оның орнына финалға біздің отандасымыз шықты.

"Тағы да жүлде жоқ!". Қазақстандық спортшылар Бейжіңдегі Олимпиаданың бесінші күнінде қалай өнер көрсетті?. Фото 1

Бұл жарыста Қазақстан намысын Денис Никиша да қорғанан еді. Бірақ ол 1/4 финалда нидерланды елінің өкілі Ицкак де Лаатты құлатып, жарыстан шеттетілді. Орайы түскенде айта кетейік, осы жарыстың ширек финалында Олимпиада ойындарының рекорды тіркелді. Оның 2:09:2013 уақытымен венгриялық Шаолинь Шандор Лю орнатты.

"Тағы да жүлде жоқ!". Қазақстандық спортшылар Бейжіңдегі Олимпиаданың бесінші күнінде қалай өнер көрсетті?. Фото 2

Шорт-тректен Қазақстан намысын қорғаған Ольга Тихонова іріктеуден өте алмады. Ол 1000 метр қашықтыққа жарысты. Тихонова ресейлік Софья Просвирновамен соғысып, үшінші орынға жайғасты. Ал Просвирнова болса жарыстан шеттетілді.

"Тағы да жүлде жоқ!". Қазақстандық спортшылар Бейжіңдегі Олимпиаданың бесінші күнінде қалай өнер көрсетті?. Фото 3

Бүгін Қазақстанның шаңғы қоссайысында тарихи нәтиже тіркелді. Қысқы ойындарда біздің спортшы бірінші мәрте өнер көрсетті. Бірақ Шыңғыс Ракпаров трамплиннен секіруден 38, ал 10 шақырымға жарыста 41-орынды еншіледі.

"Тағы да жүлде жоқ!". Қазақстандық спортшылар Бейжіңдегі Олимпиаданың бесінші күнінде қалай өнер көрсетті?. Фото 4

Қоссайыста неміс спортшысы Винценц Гейгер топ жарды. Бұл оның осы Олимпиада ойындарындағы екінші алтыны болды. Екінші сатыда Йорген Граабак алса, үздік үштікті аустриялық Лукас Грейдер түйіндеді.

Тау шаңғысының слалом бағдарламасында ел намысын 18 жастағы Александра Троицкая қорғаған болатын. Алайда ол бірінші мүмкіндіктің өзінде-ақ жарысты аяқтай алмады.

"Тағы да жүлде жоқ!". Қазақстандық спортшылар Бейжіңдегі Олимпиаданың бесінші күнінде қалай өнер көрсетті?. Фото 5

Осы жарыста Олимпиада ойындарының сенсациясы тіркелді. Сайыстағы басты фовариттің бірі америкалық Микаэлла Шиффрин жарыстың бірінші мүмкіндігінде жолдан шығып, мәреге келе алмады. Осылайша, Шифррин екінші мәрте сәтсіздікке ұшарады. Бұған дейін ол алып слаломда да жарысты аяқтай алмай қалған тұғын.

Слалом сайысында словакиялық Петра Влхова бірінші орын алды. Сөйтіп, ол Словакия құрамасына қысқы ойындардағы алғашқы жүлдені алып берді. Күміс аустриялық Катарина Линсбергердің еншісінде болса, қола швейцариялық Венди Хольденерге бұйырды.