«Әдетте телеарналардың журналистері сот мәжілісіне қатысу проблемасына тап келеді. Судьялар операторларға мәжіліс барысын бейнетаспаға түсіріп алуға тыйым салады»,- деді заңгер. Оның айтуынша, «Астанада журналистерге сот залында аудиожазба жасауға тыйым салу оқиғасы 2 мәрте тіркелген».
«ҚР Жоғарғы сотының «Сот талқысы барысында жариялылық принципін сақтау жөніндегі» нормативтік қаулысына сәйкес, іске қатысушы тараптар мен оған қатысып отырған азаматтар ашық сот мәжілісінің барысын отырған жерлерінде жазбаша түрде немесе аудиожазба түрінде түсіріп алуға құқығы бар. Ол үшін сотқа төрағалық жасаушы тұлға немесе іске қатысушылардан алдын-ала рұқсат алу талап етілмейді»,- деді Ф.Қасымова.