«Әділ сөз» қоры өзінің жоғалуын өзі ұйымдастырған Т.Әбиевті «қара тізімге» енгізді - kaz.caravan.kz
  • $ 459.6
  • 493.06
+28 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Әділ сөз» қоры өзінің жоғалуын өзі ұйымдастырған Т.Әбиевті «қара тізімге» енгізді

«Әділ сөз» қоры өзінің жоғалуын өзі ұйымдастырған Т.Әбиевті «қара тізімге» енгізді

«Әділ сөзі» Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры өзінің жоғалуын өзі ұйымдастырған журналист Тоқберген Әбиевтің қылығын жол беруге болмайтын әрекет деп есептейді, деп жазылды қордың ресми сайтында.

  • 3 Қаңтар 2013
  • 391
Фото - Caravan.kz

«2012 жылдың 20 желтоқсаны күні Тоқберген Әбиевтің жоғалып кеткендігі туралы дабылды Қазақстанның журналистік қауымдастығы, отандық және халықаралық құқық қорғау ұйымдары соқты. Астана полициясы мереке алдындағы жүктемеге қарамастан оны іздеп-табуға өзінің мықты деген қызметкерлерін салды», — делінген сайтта орналастырылған хабарламада.

«Дегенмен, 31 желтоқсан күні Әбиев табылды. Белгілі болғандай, ол өзінің қызметіне назар аударту үшін өзін-өзі «ұрлаған». Оның отбасы, достары және әріптестері өздерін қоярға жер таппай жүргенде ол дін аман жалдамалы пәтерде жасырынып отырған. «Әділ сөз» Сөз бостандығын қорғау қоры Әбиевтің бұл қылығын этикалық және кәсібилік тұрғыдан жол беруге болмайтын әрекет деп есептеп, оны «қара тізімге» енгізді», — деп түйді қор өкілдері.

Еске салайық, 2012 жылдың 31 желтоқсаны күні Астана қалалық ІІД шұғыл-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде елордадағы пәтерлердің бірінен із-түзсіз жоғалған Т.Әбиев аман-есендікте табылғандығын хабарлады.

Соңғы жаңалықтар
Қазақстанға мақта керек пе?
Жаңалықтар 21 Маусым