Жарияланды: 570

"Әділ сөз" қорының сайтына шабуыл жасалды

Алматы. 24 қараша. "Қазақстан бүгін" - "Әділ сөз" қорының сайтына шабуыл жасалды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Халықаралық сөз бостандығын қорғау жөніндегі "Әділ сөз" қорының баспасөз қызметінің хабарламасына сілтеме жасап.

"24 қарашада Халықаралық сөз бостандығын қорғау жөніндегі "Әділ сөз" қорының сайтын бұзу дерегі анықталды. Сайттың құрылымы толық бұзылған. Құнды ақпарат жоғалған. Мәліметтер базасы бұзылды", -деп хабарлайды "Әділ сөз" қоры. Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "жүйелік әкімші сайттың әкімшілік бөлігіне рұқсатсыз кіру дерегін тіркеген. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Ақпаратты қалпына келтіру және сайтты қорғауды жақсарту бағытында шаралар қолданылуда". Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін