«24 қарашада Халықаралық сөз бостандығын қорғау жөніндегі «Әділ сөз» қорының сайтын бұзу дерегі анықталды. Сайттың құрылымы толық бұзылған. Құнды ақпарат жоғалған. Мәліметтер базасы бұзылды», -деп хабарлайды «Әділ сөз» қоры.
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, «жүйелік әкімші сайттың әкімшілік бөлігіне рұқсатсыз кіру дерегін тіркеген. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Ақпаратты қалпына келтіру және сайтты қорғауды жақсарту бағытында шаралар қолданылуда».
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті