Әділбек Ниязымбетов өзін әлі көрсетеді - Қазақстан бокс федерациясы атқару комитетінің мүшесі С.Әбдінәлиев - kaz.caravan.kz
  • $ 497.33
  • 586.7
-4 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әділбек Ниязымбетов өзін әлі көрсетеді - Қазақстан бокс федерациясы атқару комитетінің мүшесі С.Әбдінәлиев

Әділбек Ниязымбетов өзін әлі көрсетеді - Қазақстан бокс федерациясы атқару комитетінің мүшесі С.Әбдінәлиев

Қазақстан бокс федерациясы атқару комитетінің мүшесі Серік Әбдінәлиев журналистермен кездесуде кейбір боксшылардың өнеріне түсіндірме жасап, олар өздерін әлі көрсететінін жеткізді, деп хабарлады Vesti.kz.

  • 14 Тамыз 2012
  • 486
Фото - Caravan.kz

«Ұлттық команда барлық медаль нормативін орындады. С.Сәпиев бокстың жоғары деңгейін көрсетіп, Олимпиада «алтынын» ебегін сіңіріп ұтып алды. Ә.Ниязымбетов Мехонцевпен 15:15 болып, тең ойнаса да, аздап жолы болмады. Бұл жағдайда әрине төрешілер шешеді, олар қортындысында жеңісті ресейлікке берді. Дегенмен «күміс» те жаман емес — Олимпиададағы лайықты көрсеткіш. Әділбек жас және болашағы бар боксшы, ол өзін әлі көрсетеді», — деп атап өтті С.Әбдінәлиев.

«Иван Дычко туралы да осылай айтуға болады. Ол финалға шығуға жақын қалды, чемпион болуы да мүмкін еді, бірақ та ашығын айтсақ, оның да жолы болмады. Бұл жігіттің тегеуріні мықты, көп нәрсеге қол жеткізе алады», — деп түйіндеді С.Әбдінәлиев.
Басты сөздер: Олимпиада-2012