Әділбек Жақсыбеков бастаған қазақстандық әскери делегация Француз Республикасына жұмыс сапарымен барды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әділбек Жақсыбеков бастаған қазақстандық әскери делегация Француз Республикасына жұмыс сапарымен барды

Әділбек Жақсыбеков бастаған қазақстандық әскери делегация Француз Республикасына жұмыс сапарымен барды

Мұнда Париждің 49-ыншы авиация салоны немесе Ле-Бурже есігін айқара ашты, оған 88 елден келген 200 ресми делегация мен дүние жүзінің 3000 журналисі қатысты. Салон шымылдығын Франция Президенті Н.Саркози ашты,

  • 23 Маусым 2011
  • 396
Фото - Caravan.kz

деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Бүгінгі таңда авиациялық өнеркәсіптің дамуы мен техникаға сапалы қызмет көрсету қазақстандық қорғаныста басым бағыттардың бірі болмақ. Сондықтан заманауи азаматтық және әскери мақсаттағы тікұшақтар шығаратын «Еврокоптер» компаниясы мен ұшқышсыз ұшу аппараттарын бірлесіп шығаратын «Сажем» компаниясымен бірлескен кәсіпорын құру туралы маңызды шешім қабылданды.

Авиасалон Қазақстан Қорғаныс министрлігі делегациясы жұмысының басталған нүктесі ғана болды. Мұнда, көрме аумағында, Әділбек Жақсыбеков «Сажем», «Талес», «Элбит», «Еврокоптер» және тағы басқа компаниялардың жетекшілерімен нәтижелі келіссөздер жүргізді. Тараптар қолда бар жобаларды жүзеге асыру жөнінде, сондай-ақ жаңаларын әзірлеу туралы нақты келісімге келді.

Қазақстандық әскери делегация үшін Париждегі басты ресми жаңалықтардың бірі Әділбек Жақсыбековтің өз әріптесі Жерар Лонгемен кездесуі болды. Министрлер жылы шырайлы жағдайда әртүрлі ақпараттармен алмасу, бірлескен жаттығулар өткізу, қорғаныс секторында бірлесіп өнім шығару жөнінде үйлестіруді күшейту мәселерін талқылады.

Жоғарғы Бас қолбасшы — Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан армиясын заманауи техникамен және қару-жарақпен жабдықтау, жоғары жауынгерлік әзірлігін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасы — министрліктің бүгінгі қызметінің мәні мен мағынасы, деп атап өтті Ә.Жақсыбеков.

Қазақстан Қарулы Күштері отандық қорғаныс кешені есебінен және оны жылдам әрі жоғары технологиялық дамыту арқылы толыққанды жетілдірілуге тиіс.

Соңғы жаңалықтар