Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметінен хабарлады.
Кездесу барысында тараптар отандық футболдың жай-күйі мен оны дамыту жолдары жайлы мәселелерді талқылады. ҚФФ президенті Әділбек Жақсыбеков Қазақстанда халықаралық деңгейдегі ірі турнирді ұйымдастыру туралы ұсынысын білдірді. Бұған қызығушылық танытқан Ева Паскье ФИФА бұл мәселені қарастыратынын жеткізді.
Бұған дейін хабарланғандай, іссапар барысында Халықаралық футбол федерациясының өкілдері Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы футбол нысандарымен танысатын болады.
