«Әділет» демократиялық партиясы бірнеше мекеме кәсіподақтарымен өзара түсіністік және әріптестік туралы меморандумға қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
0 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
	
«Әділет» демократиялық партиясы бірнеше мекеме кәсіподақтарымен өзара түсіністік және әріптестік туралы меморандумға қол қойды

«Әділет» демократиялық партиясы бірнеше мекеме кәсіподақтарымен өзара түсіністік және әріптестік туралы меморандумға қол қойды

  • 8 Маусым 2011
  • 401
Фото - Caravan.kz

Бүгін «Әділет» партиясы мен Қазақстан Еңбек конфедерациясы, Қазақстан Автожолдары және автокөлік қызметкерлері кәсіподағы, «Ғылыми қызметкерлер кәсіподағы» ҚБ, ҚР Авиация қызметкерлері кәсіподағының заңды тұлғалар бірлестігі арасында өзара түсіністік пен бірігіп әрекет ету жөнінде меморандумға қол қойылды.

«Әділет» партиясы мен тәуелсіз кәсіподақтар жалдамалы жұмысшылардың өткір мәселелерін шешуді және кәсіподақтарды дамытуды өркениетті жолмен, ҚР Заңдарына сәйкес жүзеге асыру үшін бірлесіп әрекет ету қажет деп санайды.

«Елімізде кәсіподақтар қозғалысы белсенді қоғамдық күшке айналып келе жатыр. Олардың қалыптасуы үшін қоғамдағы барлық жасампаз күштер бірігуі қажет. Сондықтан Меморандумға қосылуға басқа да ҚР кәсіподақтары үшін жол ашық», -дейді «Әділет» партиясының төрағасы, заң ғылымдарының докторы, профессор Мақсұт Нәрікбаев.

Жиын барысында Меморандумға қол қоюшылар Қазақстан Республикасының жоғарыда аталған мәселелерге қатысты заңдарын жетілдіру жөніндегі бірігіп дайындаған ұсыныстарын жария етті. Бұл ұсыныстар Еңбек кодексін және «Кәсіподақтар туралы» Заңды жетілдіруді көздейді. Ұсыныстарды қарап, оған қатысты шешім шығару үшін ол Парламент Мәжілісіне және Қазақстан Республикасы Үкіметіне жолданбақ.

Соңғы жаңалықтар