Оның атап өтуінше, 18-20 мамыр аралығында өткізілген «Әділет кеңес береді» республикалық акциясы аясында ұйымдастырылған іс-шараларда әділет қызметкерлері, «Нұр Отан» ХДП өкілдері, адвокаттар мен нотариустар өтініш білдірген барлық азаматтарға құқықтық көмек көрсетіп, заңнама нормаларын түсіндіру жұмыстарын жүргізген.
«Акция аясында 23585 азамат пен заңды тұлға өкілдеріне кеңес берілді. Келіп түскен 17 078 жазбаша өтініштердің 3718-і шешіліп, 12 365 өтініш берушіге түсіндіру сипатындағы жауаптар берілді. Қалған өтініштер қаралу үстінде. Акция нәтижесінде ұзақ уақыт бойы азаматтарды толғандырып келген көптеген мәселелер шешілді», — деді ол.
Сонымен қатар ресми өкілдің атап өтуінше, су тасқыны салдарынынан зардап шеккен Батыс Қазақстан облысының көптеген азаматтары жеке басын куәландыратын құжаттарды рәсімдеу, үйлерінің техникалық құжаттарын қалпына келтіру сынды мәселеді шешуге қатысты кеңестер алған.