Әділет министрі елорда атауына қатысты: Жеке құжаттарды шұғыл ауыстырудың қажеті жоқ - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әділет министрі елорда атауына қатысты: Жеке құжаттарды шұғыл ауыстырудың қажеті жоқ

Әділет министрі елорда атауына қатысты: Жеке құжаттарды шұғыл ауыстырудың қажеті жоқ

 

  • 20 Наурыз 2019
  • 16
Фото - Caravan.kz

ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев елорда атауының өзгеруіне байланысты құжаттарды ауыстыру мәселесіне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Куәлік құжаттар, мысалы, туу туралы куәлік, дипломдар, жүргізушілік куәліктерді қазірден бастап шұғыл ауыстырудың қажеті жоқ. Бұл құжаттар тиісті белгіленген мерзімі бойынша, яғни ауыстыру уақыты жеткен кезде өзінің кезегімен ауыстырылады», — деді Марат Бекетаев ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысынан кейін. Бұдан бұрын хабарланғандай, Парламент елорданың атауын Нұрсұлтан қаласына өзгерту туралы құжатты қабылдады. Еске салсақ, Президент міндетін уақытша атқаруға кіріскен Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласының атауын Нұрсұлтан деп өзгерту туралы ұсыныс жасады.



 

Соңғы жаңалықтар