Әділет министріне заң жобаларына сауатты аударма жасалуын бақылауда ұстау тапсырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әділет министріне заң жобаларына сауатты аударма жасалуын бақылауда ұстау тапсырылды

Әділет министріне заң жобаларына сауатты аударма жасалуын бақылауда ұстау тапсырылды

Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Әділет министрі Рашид Түсіпбековке заң жобаларына сауатты аударма жасалуын бақылауда ұстауды тапсырды.

  • 13 Маусым 2011
  • 440
Фото - Caravan.kz

Әділет министрінің сөзіне қарағанда, қазіргі таңда барлық заң жобаларына ғылыми-лингвистикалық сараптама жүргізуді қарастыратын тиісті регламентке өзгерістер енгізілуде. Министрлікке қарасты заңнама институтының базасында, яғни аталған институттың штаттық құрамында лингвистика жөнінде басқарма құрылды.

«Ал Лингвистикалық сараптама орталығын құру мәселесі Президент Әкімшілігінің қарауында жатыр»,-деді Р. Түсіпбеков.

Өз кезегінде заң жобаларының тілдік аудармасының сәйкестігіне байланысты мәселеге тоқталған Үкімет басшысы К. Мәсімов, Парламент депутаттары тарапынан заң жобаларының тілдік аудармасы сыналып жататынын атап өтті.

К. Мәсімовтің сөзіне қарағанда, бүгінде елімізде қазақ тілінің дұрыстығы негізіне арналған бірнеше орталықтар бар. Кей кезде олардың берген түсініктемесі әртүрлі болып жатады. Осы орайда Премьер-Министрдің пайымдауынша, аталған мәселені тиянақты ету үшін нақты айқындаушы қажет.

Соңғы жаңалықтар