Әділет министрлігі 900 млн. астам теңгеге қаржылай заң бұзушылыққа жол берген - Есеп комитеті - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әділет министрлігі 900 млн. астам теңгеге қаржылай заң бұзушылыққа жол берген - Есеп комитеті

Әділет министрлігі 900 млн. астам теңгеге қаржылай заң бұзушылыққа жол берген - Есеп комитеті

АСТАНА. 8 қыркүйек. Kazakhstan Today. Әділет министрлігі тарапынан 900 млн. астам теңгеге қаржылай заң бұзушылыққа жол берілгені белгілі болды. Бұл жөнінде Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі республикалық бюджеттің орындалуын қадағалау жөніндегі Есеп комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

  • 8 Қыркүйек 2006
  • 379
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің хабарламасында көрсетілгендей «Әділет министрлігінде 927,7 млн. теңгеге заң бұзушылыққа жол берілген, оның ішінде 20 млн. теңге мақсатсыз, 502,3 млн. теңге негізсіз, 74,9 млн. теңге тиімсіз жұмсалған, қалған заң бұзушылықтармен игерілген сома 330,5 млн. теңгені құрады».

Атап айтқанда, «2005 жылы министрлік қызметтегі екі жеңіл көлікті ұстау үшін 1,5 млн. теңге жұмсаған»

Халыққа қызмет көрсету орталықтарын ұстау және қызмет ету үшін қаражат бөлу кезінде де заң бұзушылықтарға жол берілгені анықталды. Мәселен, Астана мен Алматыдағы 9 халыққа қызмет көрсету орталықтарын материалдық-техникалық жабдықтауға 500 млн. астам теңге қарастырылған. Көп ұзамай үкімет қаулысы бойынша орталықтар санын төртеуге дейін қысқарту туралы шешім қабылданды. Алайда, бұған қарамастан «төлқұжат бағасы арзандаған жоқ , сол қалпында қалып, 500 млн.теңгені құрады».

Хабарламада айтылғандай , «Министрлік жобалық металық құжат жасауға байқау өткізбестен, орталық ғимараттарына жөндеу жұмыстарын жүргізуге ашық байқау ұйымдастырған. Оған қоса, халыққа қызмет көрсету орталықтарының Ішкі істер министрлігінің қызметін атқару жұмысы жолға қойылмаған».


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта