Әділет министрлігі аралық соттардың қызметін жетілдіру тұжырымдамасын дайындауды жоспарлап отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-2 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әділет министрлігі  аралық соттардың  қызметін жетілдіру тұжырымдамасын дайындауды жоспарлап отыр

Әділет министрлігі аралық соттардың қызметін жетілдіру тұжырымдамасын дайындауды жоспарлап отыр

АСТАНА. 23 қаңтар . Kazakhstan Today. Әділет министрлігі аралық соттардың қызметін жетілдіру тұжырымдамасын дайындауды жоспарлап отыр . Бұл жөнінде әділет министрі Зағипа Бәлиева кеше өткен министрліктің алқа мәжілісінде мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі

  • 23 Қаңтар 2007
  • 499
Фото - Caravan.kz

«Жаңа экономикалық қарым-қатынастардың пайда болуы , аралық соттар мен халықаралық коммерциялық төреліктердің жұмыстарын жетілдіру, оның ішінде халықаралық коммерциялық төрелік ету саласында қазақстандық мамандардың іскерлігін арттыруды көздейтін тұжырымда әзірлеу қажеттігіне негіз болып отыр»,-деді З.Бәлиева.

Әділет министрінің айтуынша, «мемлекеттің мүліктік мүддесін қорғау саласында Ұлыбритания сотының шешімімен Лондонның аралық сотының 2004 жылы Қазақстан Республикасынан «Металзруссия» компаниясының пайдасына $10 млн» көлемінде айыппұл өтеуі туралы шығарған шешімінің жойылуы өткен жылдың ең басты нәтижесі. Сонымен қатар, министрдің ақпараты бойынша, қазіргі кезде халықаралық соттардың қарауында жалпы құны 600 млн$. құрайтын бес іс бар.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта