Әділет министрлігі азаматтарды тұрғылықты жерінде тіркелуде бірқатар міндеттемелер жүктеуді қарастыратын түзетулердің жобасын жасауда - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әділет министрлігі азаматтарды тұрғылықты жерінде тіркелуде бірқатар міндеттемелер жүктеуді қарастыратын түзетулердің жобасын жасауда

Әділет министрлігі азаматтарды тұрғылықты жерінде тіркелуде бірқатар міндеттемелер жүктеуді қарастыратын түзетулердің жобасын жасауда

Астана. 15 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Әділет министрлігі азаматтарды тұрғылықты жерінде тіркелуде бірқатар міндеттемелер жүктеуді қарастыратын түзетулердің жобасын жасауда. Бұл туралы парламент мәжілісінде ішкі көші-қон мәселелеріне орай өткізілген дөңгелек үстел барысында ішкі істер вице-министрі Алик Шпекбаев мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 15 Мамыр 2008
  • 493
Фото - Caravan.kz

«Қазір Әділет министрлігі «Тұрғылықты жерінде тіркелу мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын жасауда», — деді А. Шпекбаев.

Оның айтуынша, аталған заң жобасында «азаматтарға бұрынғы тіркелген жерінен есеп пен тіркеуден шыққан сәтінен бастап үш айдың ішінде тұрғылықты жері бойынша тіркеуге тұру міндеттемесі қарастырылған».

Сондай-ақ, «үйде тұратындарды санитарлық нормаға сәйкес шектеу қарастырылған, ол халықтың ішкі көші-қоны процестерін ретке келтіруге мүмкіндік береді «.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті