Әділет министрлігі еліміздегі 11-ші партия - Қазақстанның Демократиялық партиясын тіркеуден өткізді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.84
  • 543.11
-19 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әділет министрлігі еліміздегі 11-ші партия - Қазақстанның Демократиялық партиясын  тіркеуден өткізді

Әділет министрлігі еліміздегі 11-ші партия - Қазақстанның Демократиялық партиясын тіркеуден өткізді

Қазақстанның Демократиялық партиясы заңмен белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік тіркеуден өтіп, еліміздегі ресми тіркелген 11-ші саяси партияға айналды. Бұл туралы бүгін, 17-маусымда Астанада өткен баспасөз мәслихатында Қазақстанның Демократиялық партиясының төрағасы Мақсұт Нәрікбаев хабарлады. Тіркеуден өткен 14-маусым күнгі жағдаймен партия мүшелерінің саны 60 108 адамды құрады.

  • 17 Маусым 2004
  • 827
Фото - Caravan.kz

М.Нәрікбаевтың айтуынша, Қазақстанның Демократиялық партиясы іс-қызметінің маңызды бағыттарының бірі — өлшеусіз байлықтың үстінде отырған еліміздегі кедейлікті түп-тамырымен жою болмақ. Қазақстанның Демократиялық партиясы «Бай Қазақстан — гүлденген халық» деген ұранды ту етеді.

Қазақстанның Демократиялық партиясының төрағасы өзі басқаратын партияның сайлау кезеңінде әділетті саяси бәсекелестік принципіне бағыну жөніндегі Хартияға бірігетінін мәлімдей отырып, «Қазақстанның демократиялық таңдауы» партиясын да осы Хартияға бірлесе қол қою арқылы «демократияны нығайтуға және саяси күрестің өркениетті дәстүрлерін дамытуға өзіндік үлес қосуға» шақырды.
Сондай-ақ, М.Нәрікбаев Қазақстанның Демократиялық партиясының «Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықты жеңуге бағытталған жеті қадамы» атты бағдарламасын таныстырды. Бағдарламада фискалдық және қадағалаушы мекемелер санын мейлінше қысқартуға, лицензия берілетін іс-қызмет түрлерін азайтуға және лицензияны алу жолдарын жеңілдетуге, әкімшілік жолмен қаржы өндіріп алу құқығын қадағалаушы органдардан сотқа беруге, мемлекеттік бюджеттің шығындарын қоғам тарапынан қадағалау жүйесін құруға, заңға жасырын лобби жасаумен күреске бағытталған шаралар ескерілген. Сонымен қатар, Қазақстанның Демократиялық партиясы сайлаудың демократиялық жолмен әділеті әрі ашық өткізілуін, мемлекеттік биліктің барлық деңгейлерінің ашық болуын қолдайды.