Әділет министрлігі ОҚО өңірлік ғылыми-өндірістік зертханасының бас сарапшысы 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әділет министрлігі ОҚО өңірлік ғылыми-өндірістік зертханасының бас сарапшысы 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды

Әділет министрлігі ОҚО өңірлік ғылыми-өндірістік зертханасының бас сарапшысы 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды

Пара беру барысында алынған 2 мың АҚШ доллары көлеміндегі заттай айғақты жалған ақшаға айырбастап, сыйақы алған Әділет министрлігінің ОҚО өңірлік ғылыми-өндірістік зертханасының бас сарапшысы 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

  • 9 Маусым 2011
  • 469
Фото - Caravan.kz

ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, 2010 жылдың 19 қарашасында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің қызметкерлері аталмыш департаменттің шұғыл уәкіліне 2 мың АҚШ доллары көлемінде пара беру үстінде ОҚО бойынша Ішкі істер департаменті Жол полициясы басқармасының ауданаралық тіркеу-емтихан бөлімінің бастығын ұстады.

Оқиға орнынан алынған заттай айғақ — 2 мың АҚШ долларын ҚР ҰҚК ОҚО бойынша департаментінің тергеушісі тізімдеп алып, ҚР Қылмыстық кодексінің 312 бабы, 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғады. Бір айдан кейін басқарманың арнайы прокуроры қылмыстық істі жан-жақты және толыққанды тергеу үшін заттай айғақ ретінде алынған 2 мың АҚШ долларының түпнұсқалығын анықтау мақсатында сот-техникалық сараптама тағайындайды.

Бірақ, ҚР Әділет министрлігі Сот сараптама орталығының Оңтүстік Қазақстан өңірлік ғылыми-өндірістік зертханасының бас сарапшысы — Жұмаділов, өзіне және өзгеге пайда әкелу мақсатында белгісіз тұлғамен алдын ала ауыз жаласып, сараптамаға келіп түскен 2 мың АҚШ долларын түрлі-түсті принтерде әзірленген қаражаттарға айырбастап жіберген. Жалған ақшалардың сериясы мен нөмірі зерттеуде болған АҚШ долларларымен бірдей етіп жасалған. Жұмаділов нағыз ақшаларды жалған ақшаларға айырбастай отырып, өзіне 1500 АҚШ доллары көлемінде сыйақы алған. Кейін, сот сараптамасына келіп түскен 2 мың АҚШ доллары «түрлі-түсті принтерде әзірленген жалған ақшалар» деген қорытынды жасайды.

Облыстың арнайы прокурорлары Жұмаділовтың үстінен біле тұра жалған қорытынды жасағаны үшін, заттай айғақтарды өзгеге бергені және оларды бұрмалағаны үшін ҚР ҚК-нің 357, 348, 352 және 339 баптары бойынша қылмыстық іс қозғады. Көп ұзамай олар бойынша тергеу амалдарын аяқтап, сотқа тапсырды.

2011 жылдың 13 мамырында Шымкент қаласының әл-Фараби аудандық соты іс бойынша үкім шығарды. Жұмаділов ҚР ҚК-нің 357 бабының 1 тармағы және 352 бабының 2 тармағы бойынша айыпты деп танылып, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Соңғы жаңалықтар