Әділет министрлігі қылмыстық -атқару жүйесіне қарасты медициналық қызметті денсауылық сақтау министрлігінің қарамағына беру мүмкіндігін жоққа шығармайды - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әділет министрлігі қылмыстық -атқару жүйесіне қарасты медициналық қызметті денсауылық сақтау министрлігінің қарамағына беру мүмкіндігін жоққа шығармайды

Әділет министрлігі қылмыстық -атқару жүйесіне қарасты медициналық қызметті денсауылық сақтау министрлігінің қарамағына беру мүмкіндігін жоққа шығармайды

Әділет министрлігі қылмыстық -атқару жүйесіне қарасты медициналық қызметті денсаулық сақтау министрлігінің қарамағына беру мүмкіндігін жоққа шығармайды. Бұл туралы бүгін, 27-тамызда ҚР әділет министрінің орынбасары Сергей Магда қылмыстық-атқару жүйесінің мәселелеріне арналған қоғамдық бақылау кеңесінің отырысы барысында мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 27 Тамыз 2005
  • 623
Фото - Caravan.kz

Қылмыстық -атқару жүйесіне қарасты медициналық қызметті денсауылық сақтау министрлігінің қарамағына беру туралы бастаманы үкіметтік емес ұйымдар көтерді. «Біз бұл ұсынысты қолдаймыз және біздің көзқарасымыз бір арнада тоғысады»,- деді бұған жауап ретінде С.Магда.

Дегенмен, министрдің айтуынша, «мәселені жан-жақты саралау қажет». «Бұл мәселеге сотталғандардың өз мүддесіне сәйкес үлкен салмақтылықпен қарау абзал»,- дейді ол. Оның пікірінше, шешім асығыс қабылданған жағдайда пентиенциарлық мекемелердегі ауру деңгейін азайтудың орнына, керісінше, жағдайды тіптен ушықтырып алу қаупі бар.
Қылмыстық -атқару жүйесіне қарасты медициналық қызметті денсауылық сақтау министрлігінің қарамағына беруді кейбір үкіметтік емес ұйымдар қолдайды. Мәселен, «Халықаралық абақты реформасы» ұымының өкілі Вера Ткаченконың пікірінше, осындай жолмен «пенитенциарлық мекемелердегі медициналық қызметтің ролі мен тәуелсіздігін арттыруға болады».

Перейти к новостям спорта