Caravan.kz медиа -порталының тілшісі Әділеттің өзінен сұхбат алған еді.
— Әділет қайырлы күн, ең алдымен өзіңізді қысқаша таныстарып өтсеңіз?
— Қайырлы күн. Өзімді таныстырып өтетін болсам, 1996 жылы Қызылорда облысы, Аралда дүниеге келгенмін. Ал өскен жерім Шымкент облысы, Шұбарсу ауданы. Ал қазір Алматы қаласындамын.
— Бұртиғаныңды сүйдім, бесаспап қыз әндеріңіздің соншалықты таралып, хит болып кететінін білдіңіз бе?
— Жоқ білген жоқпын, бірақ үміт болды. Бұл әндерді өзім жақсы көріп, көңілімнен шығып орындадым. Негізі мен тек жүрегіме жақын әндерді орындаймын.
— Сізді көбісі Төреғали Төреәлінің копиясы деп атайды, бұған не дейсіз?
— Төреғали ағамызға ұқсататын себебі ел бір, ауыл бір, қан бір. Кішкентайымнан Төреғали ағамды көп тыңдадым. Әндерін сүйем. Сол себепті еліктеуде тұрған ештеңе жоқ деп ойлаймын. Қазақпыз ғой мен Төреғали ағама ұқсасам шүкір, өнердің біраз шыңын бағындырамын.
— Қай ақын, сазгерлермен жұмыс жасап жүрсіз?
— Жалпы өнер дейтін әлемге қадам басып келе жатырмыз ғой. Менің жанымда Өмірзақ Махамбетов дейтін жігіт бар сазгер. Біраз әндердің авторы. Ақынға келсек Рамазан Амантай, Нұртуған Жаңабай, Арман Сейітжаппар деген бауырларым бар.
— Жақында өнерлегі ағалармен дуэт болады деп қалдыңыз, құпия болмаса кімдермен?!
— Әрине болады. Бірақ барлығын жіпке тізіп айтып бергенім жарамас. Интрига деп қояайын. Бірақ Төреғали ағаммен жақында дуэт болады. Күтіңіздер.
— Роза Рымбаева, Бибігүл Төлегенова сияқты танымал әншілер сізді болашақта танымаймыз деп мойындамай жатса көңіліңізге келмей ме?
— Неге көңілге келсін. Баяғы замандағыдай емес қазір не көп әнші көп. Танымай қалса мен еш ренжімеймін. Ал танып жатса қуаныштымын.