Аталған заң жобасымен облыстар, Астана, республикалық маңызы бар қала мәслихаттарының тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерінің мәслихаттарына есеп беретін және өз құзыреті шегінде жергілікті деңгейде сыртқы мекемелердің ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы тексеру комиссияларын құру мәселесі реттеледі. Бұл ретте мемлекеттік мекемелердің қызметіне әдіснама, біліктілікті арттыру және қайта даярлау бөлігінде үйлестіруді жүзеге асыру Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне жүктеледі. Заң жобасын қабылдау Мемлекет басшысының жергілікті бюджеттердің атқарылуын мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесін нығайту жөніндегі тапсырмасын іске асыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, білікті кадрларды тартуға, бақылау іс-шараларын жетілдіруге септігін тигізіп, бұның жоспарлығын, тиімділігін қамтамсыз етеді. Бұдан бөлек, тексеру комиссияларының жергілікті мемлекеттік билік органдарына тікелей тәуелділігін болдырмай, мемлекеттік шығыстарды оңтайландырады.
Бірінші оқылымда мақұлданған заң жобасы екінші оқылымға әзірленетін болады.