Бүгін адвокат Евгений Яворский оның қамауға алыну себебі туралы түсіндірді, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы, BaigeNews.kz-қа сілтеме жасап.
"Тергеуші Н. Сәрсенбек сотқа дейінгі тіркелген тергеп-тексеру материалдарын қарап, мынаны анықтады: 2022 жылғы 1-қаңтардан 10 қаңтар аралығында Қазақстан Республикасының аумағында орын алған жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру фактісі бойынша ҚК 272-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды", — делінген адвокат Евгений Яворскийдің 24 қаңтардағы өтінішхатын қанағаттандыру туралы қаулыда.
Нұрсұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Арман Жұмағелдиевке қатысты екі ай мерзімге қамау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.