Жарияланды: 570

Адвокат: Павлюкті өлтіру бойынша іс заңбұзушылықтарға жол бере отырып тергелген

Қырғыз журналисі Геннадий Павлюкті өлтіру бойынша іс заң бұзушылықтарға жол бере отырып тергелген, деп есептейді сотта сотталушы Шалқар Оразалиннің мүдделеріне өкілеттік етуші адвокат Айгүл Ербөлекова.

«Жаңа жағдайлар анықталып жатыр. Мысалы, ҚР ҚПК 100 бабына сәйкес шифрленіп, «Петров» псевдонимімен куәлік етіп жүрген куәгер айтқандарын өзгертті», – деп хабарлады қорғаушы жұма күні ҚазТАГ-қа. А.Ербөлекованың айтуынша, алдын ала тергеуде «Петров» Алматыдан Қырғызстанмен шекарада орналасқан елді мекендердің біріне барар жолда Ш. Оразалин Қырғызстандағы ықпалды таныстарының есімдерін атағанын, олардың бірі ҚР экс-президенті Құрманбек Бәкиевтің кеңесшісі, екіншісі қырғыз бас прокуратурасының қызметкері екенін жеткізген. «Бірақ сотта куәгер Оразалин шын мәнінде ол есімдер мен қызметтерді атамағанын айтты... Бұл құпия куәгер мұндай куәлік етуге қалалық ІІД оперативті қызметкерлерінің айтуымен, олардың қысым көрсеткенінен барғанын жеткізген», – деді А.Ербөлекова. Оның айтуынша, «Петров» бұған келіспесе, бас бостандығынан айырылатынын айтты. «Ол (куәгер – ҚазТАГ) бастапқыда полиция оны куәгер ретінде шақырмағанын, қаланың орталығында оның көлігін тоқтатып, ІІД-ге қолына кісен салып алып келгенін айтты», – деді адвокат. Сондай-ақ, А.Ербөлекова «Петровтың» сотта оған процеске шифрленіп қатысуға алдын ала тергеу органдары кеңес бергенін жеткізді. Ал ресми түрде ол өзі және отбасы үшін қорыққандықтан, қорғап қалуды сұраған, өйткені оны Қырғызстанның арнайы қызметтері қудалайды деп қауіптенген, деді А. Ербөлекова. «Менің және басқа да адвокаттардың оны («Петровты» - ҚазТАГ) біреулер, соның ішінде, Қырғызстанның арнайы қызметтері, сотталушылардың, соның ішінде ол білетін Оразалиннің туыстары немесе басқа азаматтар қорқытты ма деген сұрағына куәгер жоқ деп жауап қайтарды», – деді қорғаушы. А.Ербөлекова өзінің қорғауындағы азаматқа қылмыстық кодекстің баптары бойынша артығынан айып тағылғанын айтты. «Оразалинге кісі өлтіруге көмектесу, адам ұрлау, бопсалау бойынша айыптар тағылып отыр. Бопсалау бойынша ешқандай дәлел де жоқ.Адам ұрлау туралы бап та артығынан тағылып отыр... Тергеудің ҚК-нің баптарын артығынан тағатыны әдеттегі тәжірибе. Оразалин онсыз да «адам ұрлаумен байланысты кісі өлтіру» бабы бойынша айыпталып отыр, ал бұл 125 бап бойынша айыптауды жоққа шығарады», - деді адвокат. Сондай-ақ, ол Ш.Оразалинді ҰҚК оқшаулағышында ұстау да заңсыз болғанын жеткізді, өйткені оның қорғауындағы азамат құқық қорғау органдарының қызметкері емес, әскери қызметкер де емес. Сонымен қатар, А.Ербөлекова сот процесіне қанағаттанатынын, ол заң аясында өтіп жатқанын, оның қорғауындағы азаматты ҰҚК оқшаулағышынан ҚАЖК тергеу оқшаулағышына ауыстырып, туберкулезды емдеу бойынша медкөмек көрсетіліп жатқанын жеткізді. Бұрын хабарланғандай, Ахметқали Молдағалиевтің төрағалығымен Алматы қаласының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында қырғыз журналисіГеннадий Павлюкты өлтіруге қатысты қылмыстық іс қарала бастады. Бұл іс бойынша Қырғызстанның МҰҚК қызметкері Алдияр Исманқұлов, Қазақстанның екі азаматы Алмаз Игіліков пен Шалқар Оразалин айыпталып отыр. Олардың бәрі өздерінің кінәсіз екенін, кісі өлтіргендер бостандықта жүргендерін айтып отыр. Еске салсақ, 2009-шы жылы 16-шы желтоқсанда Алматыда танымал қырғызстандық журналит Генадий Павлюктің денесі табылды. ҚР ІІМ тергеу мәліметтерінше, журналист Фурманов көшесіндегі тұрғын үйдің алтыншы қабатынан құлап кеткен. Ессіз күйде ауруханаға жеткізілген ол 2009-шы жылдың 22-ші желтоқсанында есіне келмей, қайтыс болды. Аталған іс бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу барысында Г. Павлюк Алматыға келіп, қонақ үйге тоқтағаны анықталды. Бірақ белгісіз біреулер оны басқа жерге кездесуге шақырған. Журналистің әріптестері оны жалға алған пәтерінің терезесінен лақтырып жіберуі де мүмкін дейді. Бір аптадан соң Қазақстанның ІІМ осы қылмысқа қатысты азаматтарды анықтап, 2010-шы жылдың 6-шы қазанында Алматының күдіктілердің бір мейрамханасынан ұсталғанын жариялады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін