Жарияланды: 450

«Аджип ККО» компаниясы бекіре балықтар уылдырық шашатын жерлерді зерттеуде

Солтүстік Каспий жобасына қатысушы «Аджип ККО» компаниясы бекіре тұқымдас балықтар уылдырық шашатын барлық жерлерді зерттеуде.

Компанияның қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі менеджері Әсел Мұсабаеваның хабарлауынша, зерттеу жұмыстары Ресей аумағында да, Қазақстан аумағында да жүргізілетін болады. Еділ өзенінің арнасы буылып, онда уылдырық шашатын жерлердің аз қалғанын ескерсек, негізгі жұмыстар Жайықта жүргізілмек. Қазіргі таңда ондай 800 табиғи орын белгілі. Солардың бәрінде зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Жобаның негізгі мақсаты - қандай да бір себептермен балықтардың көбеюіне жарамсыз болып қалған жерлерді анықтап, оларды қалпына келтіруге жағдай жасау.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть