«Аджип ККО» компаниясы бекіре балықтар уылдырық шашатын жерлерді зерттеуде - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Аджип ККО» компаниясы бекіре балықтар уылдырық шашатын жерлерді зерттеуде

«Аджип ККО» компаниясы бекіре балықтар уылдырық шашатын жерлерді зерттеуде

Солтүстік Каспий жобасына қатысушы «Аджип ККО» компаниясы бекіре тұқымдас балықтар уылдырық шашатын барлық жерлерді зерттеуде.

  • 3 Маусым 2011
  • 440
Фото - Caravan.kz


Компанияның қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі менеджері Әсел Мұсабаеваның хабарлауынша, зерттеу жұмыстары Ресей аумағында да, Қазақстан аумағында да жүргізілетін болады. Еділ өзенінің арнасы буылып, онда уылдырық шашатын жерлердің аз қалғанын ескерсек, негізгі жұмыстар Жайықта жүргізілмек. Қазіргі таңда ондай 800 табиғи орын белгілі. Солардың бәрінде зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Жобаның негізгі мақсаты — қандай да бір себептермен балықтардың көбеюіне жарамсыз болып қалған жерлерді анықтап, оларды қалпына келтіруге жағдай жасау.

Соңғы жаңалықтар