Жарияланды: 270

АЭА мәселелері бойынша толықтырулар енгізу жалпы отырыста қаралатын болды

Бүгінгі Мәжіліс Бюросында алдағы өтетін депутаттардың жалпы отырысында қаралатын күн тәртібі нақтыланды.

Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің ұсынысымен күн тәртібінің жобасына арнайы экономикалық аймақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңының жобасын бірінші оқылымға қосып отыр, деп хабарлайды Мәжіліс аппаратының баспасөз қызметі. Осы комитеттің берген ақпаратымен кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестік мәселелері бойынша заңнама екінші оқылымға депутаттар талқылауына шығарылатын болады. Парламентшілердің қарауына Әлеуметтік-мәдени даму комитеті әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша заң жобасын ілеспе түзетулерімен екінші оқылымға ұсынатын болады. Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин салалық комитеттерге осы мәселелермен қосымша жұмыс істеуді тапсырды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін