АЭФ-тің тікелей эфирі кезінде ер адам тележүргізушінің бетінен сүйіп алды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АЭФ-тің тікелей эфирі кезінде ер адам тележүргізушінің бетінен сүйіп алды

АЭФ-тің тікелей эфирі кезінде ер адам тележүргізушінің бетінен сүйіп алды

Астана экономикалық форумының тікелей эфирі кезінде қызықты жайт орын алды.

  • 18 Мамыр 2018
  • 76
Фото - Caravan.kz

Тікелей эфирде форум туралы айтып тұрған тележүргізушіні белгісіз ер адам сүйіп алды, деп хабарлайды Stan.kz.

КТК телеарнасының күндізгі жаңалықтар эфирінде елордалық бюроның тілшісі Данара Жұманова форум туралы айтып тұрған. Осы кезде оған белгісіз ер адам таяп келіп, бетінен сүйіп алды.

Бұл жағдайға қарамастан, журналист өзін бірақалыпты ұстап, тікелей эфирді жалғастырды.

Айта кетсек, он бірінші Астана экономикалық форумы 17-19 мамыр аралығында елордада өтіп жатыр. Форумда әлемнің 24 елінен 450 спикер сөз сөйлейтін болады.

Оқи отырыңыз:

Жақында жазылмайтын жұқпалы ауру таралуы мүмкін – ғалымдар

Павлодарда Рамазан айында күн сайын 100 адамға ауызашар беріледі

Әкесіне қатысты естелігімен бөліскен Айсәуле Бақытбек оқырмандарын жылатты 
 

 

 

Соңғы жаңалықтар