АЭС құрылысы: Қоғамдық тыңдауда қай мәселелер қаралады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АЭС құрылысы: Қоғамдық тыңдауда қай мәселелер қаралады

АЭС құрылысы: Қоғамдық тыңдауда қай мәселелер қаралады

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев елімізде АЭС салу мүмкіндігіне қатысты сұраққа жауап берді.

  • 21 Маусым 2023
  • 9
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы  ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды. 

«Жалпы, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, бұл станцияның құрылысын салу тәртібі белгіленді, мемлекеттік орталық және жергілікті органдардың құзіреті нақтыланған, сондай-ақ қоғамдық тыңдаулар өткізу процедуралары, учаскені анықтауға, сарапшыларды тартуға қатысты механизм бар. Біз конкурс бойынша төрт негізгі және екі қосымша қатысушының өтінімдерін қарастырып жатырмыз. Олар барлық осы рәсімнен өткен жағдайда, атом электр станциясының құрылысы бойынша конкурсқа қатысуы мүмкін», — деді А. Сәтқалиев Мәжілісте тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Сонымен қатар ол қоғамдық тыңдаусыз АЭС құрылысы болмайтынын айтты.


«Біріншіден, қоғамдық тыңдаулар өткізіліп, оның барысында салынатын алаң белгіленеді. Содан кейін қоғамдық тыңдаулар негізінде бастапқы әзірлеу құжаттамасына тиісті түзетулер енгізіледі, қоғамдық тыңдаулардағы жергілікті адамдардың және жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстары ескеріледі», — деді министр.