ӘЭСИ 2020 жылы Қазақстанның және әлемнің басқа елдерінің жетекші ғалымдары мен сарапшыларының қатысуымен 11 конференция мен вебинарлар ұйымдастырды.
Онлайн режиміндегі пікірталастар:
— Қазақстандағы экономикалық реформалар, яғни адам капиталын дамыту, индустрияландыру процестері, Қазақстан Республикасының кеңістіктік даму мәселелерін қамтыды.
Дөңгелек үстелдер мен конференциялар сериясын өткізу барысында елдің адам капиталына назар аудара отырып, экономика мен әлеуметтік саланы реформалаудың перспективалық бағыттарын ауқымды зерттеудің қорытындылары ұсынылды.
— Елбасының сыртқы саяси мұрасы, соның ішінде Нұрсұлтан Назарбаевтың Үлкен Еуразияның жаңа геосаяси құрылымының іргетасын қалаушы ретіндегі рөлі және оның әлемдік антиядролық қозғалысқа қосқан үлесі.
— Мәжіліс сайлауы, соның ішінде сайлау қарсаңындағы Қазақстанның партиялық-саяси үдерісінің дамуы.
ӘЭСИ шетелдік серіктестермен бірге Тұңғыш Президенттің негізгі бітімгершілік бастамалары мен жобаларын ілгерілетуге бағытталған бірқатар халықаралық конференциялар мен дөңгелек үстелдер өткізді.
Біріншіден, ядролық қауіпсіздік саласында жаһандық антиядролық диалог мәселелері бойынша жетекші әлемдік саясаткерлер мен сарапшылардың жаңа жаһандық алаңы қалыптасты.
2020 жылғы конференцияға қатысушылардың құрамы мен пікірталастардың деңгейі тұрғысынан ядролық қаруға қарсы саладағы айрықша маңызды әлемдік іс-шаралардың біріне айналды. МАГАТЭ-нің бас директоры (1997-2009), 2005 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты Мұхаммед әл-Барадей, Финляндияның экс-президенті Тарья Халонен, Мадрид клубының президенті, Словенияның экс-президенті Данило Тюрк, Ауғанстанның экс-президенті Хамид Карзай, «Ядролық қаруды жою жөніндегі халықаралық науқанның» (ICAN) атқарушы директоры, 2017 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты Беатрис Фин және басқа да саясаткерлер мен сарапшылар іс-шара спикерлері болды.
Екіншіден, ӘЭСИ ШЫҰ-на мүше мемлекеттердің сараптамалық орталықтарының өңірлік диалогын дамыту мәселелері бойынша ұлттық үйлестіруші ретінде Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) Экономикалық талдамалық орталықтары консорциумын құруға және өткізуге және Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) форумының XV отырысына қатысты.
Үшіншіден, амйақтық қауіпсіздік мәселелері бойынша ағымдағы жылдың 24 қарашасында Иран Сыртқы істер министрлігінің жетекші Саяси және халықаралық зерттеулер институтымен (IPIS) бірлескен вебинар өткізілді. ӘЭСИ сарапшылары Корея түбегіндегі қауіпсіздік тақырыбындағы конференцияға да қатысты.
Төртіншіден, Елбасының жалпыазиялық диалог форумын құру бастамасын – АӨСШК-ні одан әрі дамыту шеңберінде ӘЭСИ ағымдағы жылдың 21 желтоқсанында Шанхай халықаралық зерттеулер академиясымен (SIIS) АӨСШК елдерінің аналитикалық орталықтарының VIII дөңгелек үстелін өткізді.
ӘЭСИ жетекші шетелдік ғылыми-талдамалық орталықтарымен ынтымақтастықты нығайту аясында Венадағы Халықаралық бейбітшілік институтымен (The International Institute for Peace, Vienna) ынтымақтастық туралы халықаралық меморандумға да қол қойды.
Есепті кезеңде Әлемдік экономика және саясат институты бұқаралық ақпарат құралдарында Институт мамандарының 1408 сұхбаттары мен пікірлерін жариялады, оның 1072 қазақстандық және 336 шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ әлеуметтік желілерде 1382 жазбаша хабарлама жариялады.
Жалпы алғанда, ӘЭСИ 2020 жылғы қызметі Қазақстандағы сапалы қоғамдық және сараптамалық талқылауды дамытуға белсенді қатысуды, жетекші шетелдік аналитикалық орталықтармен байланысты нығайтуды, сондай-ақ нысаналы халықаралық аудитория арасында Қазақстан және халықаралық мұралар мен Елбасының бастамалары туралы объективті әрі шынайы ақпаратты жүйелі түрде таратуды қамтыды.