«Аффирмация» теориясы — әлдебір армандаған жақсылықты күнделікті қайталап айтып жүрсе, онысы уақыт өте келе шындыққа айналып, армандағаны орындалады деген түсініктен туындайды.
Аффирмация теориясын ең алғаш рет көлденең тартқан XIX-XX ғасырларда өмір сүрген Эмиль Куэ атты франсуздық психолог екен (1857-1926 ж.). Алайда, ол теория Луиза Хей (1926-2017 ж.) атты аммерикалық психологтың арқасында дамып, танымалдыққа ие болғанға ұқсайды.
Өзін-өзі сендіру, өзін-өзі иландыру (самовнушение) негізіне сүйенетін аффирмация түсінігі «мысли материальны» дейтін пәлсафадан бастау алса керек. Не ойласаң, сол болады. Сол себепті, жақсы әрі позитивті дүниелерді ойлау керек, оны өз түйсігіне қабылдатып, ажырамас бөлігіне айналдыру үшін күнделікті қайталап отыру керек.
Ендігі жерде, аффирмация теориясы Исламға қайшы ма? Дінімізде аффирмацияға сеніп, оны күнделікті іске асыруға бола ма?
Бұған жауап ретінде айтарымыз, жалпы алғанда Исламда позитивті ойларды ойлау, позитивті нәрселерді айту құп көрінген. Ал, негізсіз негативті ырым-нанымдармен санамызды шаршатпауға шақырады.
Бұны Пайғамбарымыз Мұхаммед ғалейһиссәләмның: «Исламда Тияра жоқ (طِيَرَةٌ-жаман ырымға балау жоқ). Ең жақсысы — Фә’л (فَأْل)»,- деді. (Сонда қасындағылар): «Фә’л деген не?», — деп сұрады. Пайғамбарымыз: «Сендердің әрбіреуіңнің еститін — жақсы сөз»,- деген хадисінен[1] немесе «Пендем мені қалай ойласа, мен сондаймын» дейтін құдси хадистен[2] түсінуге болады.
Немесе «Аллаға жəне ақырет күніне сенетін адам жақсы нəрселер айтсын, болмаса үндемесін»[3] – деп бұйырған хадистің де бір мағынасы сол десек қателеспеспіз.
Басқа бір хадисте жақсы тілектің маңыздылығына ишара ете келе: «Жаназаға барғанда жақсы нәрсе айтыңдар. Шынында, періштелер айтқандарыңа «әмин» деп тұрады», -дейді. Яғни, өзімізге қатысты болсын, өзгеге қатысты болсын, жақсы тілектерде болып жүруіміз керек. Өйткені сол сәттерде періштелер «әмин» деп, тілегіміз орындалуы мүмкін.
Бірақ, Исламда әр нәрсе Алланың қалауымен болады. "Құдайдың қалауынсыз қурайда сынбайды" деген нақыл сөз содан қалған. Мұсылман «әр нәрсе Алладан» деп сенеді. Сол себепті, «әр нәрсе Алланың қалауымен болады, Алла қаламаса болмайды» дейтін сенім негізінде позитивті нәрселерді айтып жүрсе, оның діни тұрғыда еш ағаттығы жоқ. Мәселен, «ИншаАлла, үйім болады», «ИншаАлла, көлік аламын», «Алла қаласа, жазылып кетемін» деген сияқты. (Аффирмацияда осы шақта айтылу керек екен).
Ойдағы жоспарларымыз Алла қаласа жүзеге асады, Алла қаламаса жүзеге аспайды. Жүзеге аспаған күннің өзінде мұсылман қайғырмайды, өйткені жоспарымыздың жүзеге аспауының астарында біз үшін бізге белгісіз жақсылық жатқан болуы әбден мүмкін. Бұл да позитивті ой.
Осындай сеніммен жақсы, позитивті армандарыңызды айтып жүрсеңіз, оның күнәсі жоқ", деп жазған Абдусамат Қасым Islam.kz сайтында.
Мотивация (ағылш. motіvation) – қолданылу ыңғайына қарай қазақша "ниет", "түрткі", "кірісу", "жігерлену", "ынталану" сөздерінің мағынасына жақын келетін, қазіргі заман мәдениеті мен гуманитарлық ғылымдарында кең қолданылатын ұғым. Бұл ұғымды алғаш рет немістің иррационалды волюнтаризм философы А.Шопенгауэр өзінің философиялық шығармасында жеткілікті төрт негіздің бірі ретінде қарастырған. Moveo латынша сөз болып, "қозғалу, әрекет ету" мағынасын береді, демек motіvation сөзбе сөз мағынада "қозғалту, әрекетке келтіру" мағынасын береді. Бірақ қазіргі заман мәдениетінде ол тіке мағынасында емес, көбіне көп ауыспалы, жетілдірілген, түрлендірілген мағынада қолданылады.
Қазіргі таңда түрлі тренингтер өтілуде. Бәрі де ақылы. Тегін тренинг өткізетіндер де жоқ емес.
"Евразия телеарнасында "Бір сұрақ" бағдарламасында "Ұят емес" тақырыбы аясында жыныстық қатынасты насихаттап жүрген тренинг коучтар, яғни, сексологияны үйреткіш, типа мамандар туралы болды. Әйелдерді зинаға үйреткіш тренингтер жайында болды сұхбат. Бизнес тренингке еркектер де барады екен Аллаһ сақтасын. Не керек естіп шашым тік тұрды", деп жазды тележүргізуші, блогер Ардақ Байғабыл жеке парақшасында.
Біле білсеңіз мұның бәрі табыс көзі екені айдан анық. Тек тура жолдан адаспай, дұрыс таңдау жасай білу өз еркіңізде!