Афины орталығында бомба жарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Афины орталығында бомба жарылды

Афины орталығында бомба жарылды

Афины орталығында грекиялық бизнес федерациясының кеңселерінің маңында сейсенбі күні таңертең бомба жарылды, деп хабарлады Reuters полицияға сілтеме жасап.

  • 24 Қараша 2015
  • 412
Фото - Caravan.kz

Полиция ақпаратынша, жарылыс салдарынан терезелер сынды, алайда адамдар жапа шекпеді.

Таймері бар жарылғыш заты рюкзакта болды. Ол жергілікті уақытпен шамамен сағат 3:30-да іске қосылды. Полициядағы ақпарат көзі газеттердің біріне жарты сағат бұрын жарылыс туралы жасырын қоңырау шалынғанын хабарлады.  

Куәгерлердің сөзіне қарағанда, жарылыс Афинының орталық көшелерінің бірінде орын алды. Оның маңында Синтагма алаңында парламент, дәмхана, банктер мен дүкендер орналасқан. Полицейлер жарылыс орын алған жердің маңындағы екі кварталды қоршауға алды.  Аумақты саперлер тексеріп жатыр.

Полицияда жарылысты жергілікті «партизандық топтар» ұйымдастырды деп есептейді, деп хабарлады РБК.


Соңғы жаңалықтар