Африка елдерінің қатысушылары ИКҰ қабылдайтын шешімдердің маңызды болатынына сенімді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Африка елдерінің қатысушылары ИКҰ қабылдайтын шешімдердің маңызды болатынына сенімді

Африка елдерінің қатысушылары ИКҰ қабылдайтын шешімдердің маңызды болатынына сенімді

Африка елдерінің қатысушылары ИКҰ қабылдайтын шешімдердің маңызды болатынына зор сеніммен қарайды.

  • 28 Маусым 2011
  • 561
Фото - Caravan.kz

Бүгін Астанада ҚР Сыртқы істер министрінің төрағалық етуімен өтіп жатқан Ислам конференциясы ұйымына мүше мемлекеттер Сыртқы істер министрлері кеңесінің 38-ші сессиясы барысында Африка елдерінің өкілі ретінде сөз сөйлеген Габон мемлекетінің Сыртқы істер министрінің орынбасары Рафаэль Нгазуз осылай мәлім етті.

«Қазақстан ИКҰ-ның одан әрі дамуына өзінің күш-жігерін аямайды деп есептеймін. Бұл ретте Астанадағы Ұйымның сессиясында белгілі бір өңір ғана емес, барлық ислам әлемінің ортақ проблемалары көтеріледі деп сенемін», — деген өкіл ең алдымен ИКҰ-ның Африка елдерін дамытуға қатысты арнайы бағдарламасы үшін алғысын білдірді.

Оның айтуынша, аталмыш бағдарлама Ұйымның даму болашағына толық жауап береді әрі оның халықаралық мәртебесін де көтере түседі. «Африкалық ислам елдерінің алдында қазір күрделі мәселелер тұр. Соған байланысты біз Африка елдерін дамытуға қатысты жұмыстарды жалғастыруды ұсынамыз. Бұл ретте ИКҰ-ға қатысушы мемлекеттер өзара ынтымақтастықты нығайта түседі деген үміт зор. Сахара өңірінің қатысушы елдері де осы отырыс шеңберінде қабылданатын шешімдердің алдағы дамуға зор рөл атқаратынына сенім білдіреді», — деді Р. Нгазуз.

Соңғы жаңалықтар