Жарияланды: 700

Африканың кедей елдерінде жаппай аштық жайлады

Африканың кедей елдерінде жаппай аштық жайлады. БҰҰ-ның мәліметіне қарағанда, биылдың өзінде Сомали, Эфиопия мен Кенияда 500 мың ашқұрсақ бала өлім аузында жатыр.

Эфиопияда әрбір екі баланың біреуі тамаққа жарымаса, Сомалиде ашаршылық зарын тартқан бүлдіршіндер осы бір айдың ішінде  үш есеге өскен. Ал Кенияда бірнеше тәулік нәр татпаған сәбилердің саны 200 мыңға жуықтапты. Әбден әлсіреп, есінен танған балаларға жергілікті билік те, халықаралық ұйымдар да қазір толықтай жәрдем беруге қауқарсыз болып отыр. Әсіресе ауық-ауық қарулы қақтығыс болып жатқан аймақтарда. Ауруханаға түскендерінің де жағдайы мәз емес. Дәрігерлер мұнда асқазаны жабысып қалған балаларды арнайы түтік арқылы тамақтандыруда.   

Салата Ахмет,  баланың анасы:

- Кіші балам осында келгелі дұрысталып қалды. Жалпы,  6 балам бар. Олардың қазір қалай күн көріп жатқанын білмеймін. Құрғақшылықтан егін жоқ, төрт түлік түгел қырылып қалған. Ауылда тігерге тұяқ қалмады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін