Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
”Асқар тауымыз едің — аласармадың Аспанға кеттің. Мәдиіңді ойлап мұң байладың. Сағиыңды сағынып сал шекпен жамылдың. Қатарыңнан жалғыз едің — соңдарынан кеттің. Қатарымнан жалғызбын — арттарында қалдым. Ағалық жасап арқамнан қақпадың — әлжуаздықтан сақтадың. Көкем болып, көңілімді өсірмедің — кішілігім кем боп жақпадым. Жерлес ретінде жығылғанымда жебемедің — өз күшіме сендірдің. Сүйеніш болмадың — жансірілікке үйреттің. Тірегім болмадың — табаным таймастай тағаладың. Белімді бумадың — бекемдікке баулыдың. Алдымда жүріп, адымымды ұзарттың. Соңыңда қалдырмадың — ізіңде жүргенімді сездің. Қатарымды тептің. Тізеңді батырдың — Мен кештім. Биіктігіңе парапар, Пенделігіңді көрдім — Өзің де кеш. Өкпеге қисам да, өлімгн қимадым. Сарыуайым — сағынышқп айналдың. Қош. Бақыл бол”, — деп жазды Тұңғышбай Жаманқұлов.