Бишімбаевтың колонияға қашан аттанатыны белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+25 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бишімбаевтың колонияға қашан аттанатыны белгілі болды

Бишімбаевтың колонияға қашан аттанатыны белгілі болды

Қуандық Бишімбаевтың қазіргі жағдайы туралы тың мәлімет айтылды.

  • 18 Шiлде
  • 27
Фото: ашық дереккөз

24 жылға сотталған экс-министр Қуандық Бишімбаев әлі колонияға түскен жоқ. Бұл туралы Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Теңізжан Жәнібеков айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Qaz365.kz-ке сілтеме жасап.

«Сотталған Бишімбаев әлі колонияға кеткен жоқ. Бүгін-ертең осы мәселе шешіліп, ол түрмеге түседі. Ол қауіпсіздігі жоғары колонияға аттанады», — деді Жәнібеков Орталық коммуникациялар қызметінің брифингісінде.

Ол Қуандық Бишімбаевтың абақтыда қандай жұмыс істей алатынын түсіндірді.

«Сотталғандарды жұмысқа орналастыратынымыз рас. Бізде әртүрлі жұмыс бар. «Еңбек» РМК жұмысқа тұрып, ағаш және темір өңдей алады. Бәрі бос жұмыс орнына байланысты. Колонияға түскен соң ол 15 күн карантинге түседі. Одан кейін тиісті отрядқа барады», — деді Жәнібеков.