Ағайынды Кличкоға бір-бірімен жекпе-жекке шығуы үшін 100 миллион доллар ұсынылды - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+6 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ағайынды Кличкоға бір-бірімен жекпе-жекке шығуы үшін 100 миллион доллар ұсынылды

Ағайынды Кличкоға бір-бірімен жекпе-жекке шығуы үшін 100 миллион доллар ұсынылды

 WBA (Super), WBO және IBF нұсқалары бойынша аса ауыр салмақтағы әлем чемпионы, Украинаның 38 жастағы боксшысы Владимир Кличко, WBC нұсқасы бойынша әлемнің құрметті чемпионы, спорттық жолын аяқтаған Виталий Кличкомен арадағы жекпе-жек үшін өздеріне, яғни ағайынды боксшыларға 100 миллион доллар ұсынылғанын хабарлады, деп жазады Интерфакс.

  • 11 Ақпан 2015
  • 419
Фото - Caravan.kz


«Виталий екеуімізден жекпе-жекке шықпайсыңдар ма деп талай мәрте  сұраған, бірақ біз анамызға ешқашанда олай істемейтінімізге уәде еттік. Ол бізге бокспен айналысуға тек осындай талап қоюмен рұқсатын берген», — деп жазады кіші Кличконың сөздерін NBC.

«Жігіттер, сендер тарихқа кіресіндер. Мен сендерді бай етпекшімін», — деді бізге Кинг. Алайда бұл жерде миллиардтың да көмегі тимейтін еді. Ақша — барлығы емес. Кейбір адамдар оны түсінбей, ақша арқылы барлығын шешуге болады деп есептейді. Ағайындылар арасында ешқандай жекпе-жектің болуы мүмкін де емес. Мен Виталийді өте қатты жақсы көремін», — деп қосып өтті Владимир Кличко. 

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера