Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Өз туған ағамның үйінен өзімді қуып шықты! Жас тоқтамай жатыр…тоқтаса шығарамын. Қош, Жаңаөзен! Қош, екіжүзділер!, Қош, ақшақұмарлар! Бұрыннан өзімді жеп-жеп, ауырып, ішіме сыймай бәрін айтамын-ау сіздерге бәрін шығарам ішімнен дегенде ағам басатын еді. Баука, қойшы. Сен алыстасың, ауылда жүрген мені ойлашы дейтін. Сонда ағам үшін қоя салатын едім. Бірақ, үнемі түнімен жылап шыға беретін едім. Бұл шыдамның соңы. Ойынның басы. Бүкіл шындық ашылады, айтылады. Не істесеңдер, соны істеңдер. Ағам үйінен мені қусаңдар…оған да көндім. Жүрегімнен ағамды қуа алмайсыңдар. Олар маған бірнеше зат ойластыруы мүмкін. Сондай жағдай бола қалса, кінәлі адамдарды білесіңдер. Олардан бәрі шығады. Ат-атымен, түр-түрімен жазамын. Тіпті бүгін қуып шығу жайлы. Видео-аудио бәрі салынады. Ел білсін…", — деп жазды ол.