"Ағаң қайда қарап отыр? Байзақованың құрбысы болып жүргің келіп жүр ау" - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ағаң қайда қарап отыр? Байзақованың құрбысы болып жүргің келіп жүр ау"

"Ағаң қайда қарап отыр? Байзақованың құрбысы болып жүргің келіп жүр ау"

Осыдан біраз уақыт бұрын жүргізуші, блогер Әсел Асқар жартылай жалаңаш суреттерімен желіні шулатқан болатын.

  • 11 Қазан 2018
  • 103
Фото - Caravan.kz

Алғаш ақындардың қара өлеңін желіде оқып танылған ару, бұл образынан мезі болса керек, аяқ -асты ашық — шашық күйде суретке түсуді ұйғарған. Нәтижесінде, халықтың ашуына тиіп, ауыр сөздің астында қалған. Ал Әселдің өзі, араға біраз уақыт салып, мұндай әрекетке не итермелегені туралы "Хит тв" арнасының журналистеріне айтып берген болатын.

Ашық шашық суретін жүктеген Әсел Асқарға оқырмандары сан түрлі пікір жазып, тіпті сағын сындырыпты.

"Мұндай шуды күтпедім, тіпті бір сағаттан кейін жазылған пікірлерді оқығым келмеді. Онда жүрекке тіке тиетін ауыр сөздер де болды. Мәселен "ағаңыз бен әкеңіз қайда қарап отыр?" —  деген сөздер менің көңіліме қаяу түсірді. Дегенмен көш жолынан қалмайды, сын айтыла береді. Менің инстаграм желісін табыс көзі ретінде көрмеймін, керісінше шығармашылықтың иісі аңқып тұрса деймін" — дейді блогер

Блогер ағасы Бүркіттің мұндай суретке деген көзқарасының қандай екенін де айтты.


"Шынымды айтсам, желіге қандай да бір сурет жүктемес бұрын ағама көрсетемін. Мынаны сал, ананы салма үнемі айтып отырады. Әрине ол ашық-шашық суреттерімді көргенде қуана қоймағаны рас, дегенмен олар менің ақылды аяғымды аңдап басатын қыз екенімді жақсы біледі. Мен оларды ешқашан да ұятқа қалдырған емеспін." — деп ағынан жарылды Әсел Асқар.

 

Соңғы жаңалықтар