Ағаш сатушы әкім! Алматы іргесіндегі Еркін елдімекенінде тағы шу шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ағаш сатушы әкім! Алматы іргесіндегі Еркін елдімекенінде  тағы шу шықты

Ағаш сатушы әкім! Алматы іргесіндегі Еркін елдімекенінде тағы шу шықты

Ағаш сатушы әкім! Алматы іргесіндегі Қайнар ауылдык округына қарасты Еркін елдімекенінде бүгін тағы шу шықты. Енді мұнда дәл тұрғын үйлердің үстінен жоғары кернеулі электр желісі тартылмақ. Ал оған кедергі деген желеумен ауылдағы ағаш біткенді кесіп тастаған. Онымен қоймай қырқылған теректер қызу саудаға түсіп кеткен. Бұған дейін ауыз су, жарық, жол мәселесін айта-айта шаршаған тұрғындар енді бүгіннен бастап жаңа мәселе жамалды деп ашынады.

  • 8 Маусым 2011
  • 577
Фото - Caravan.kz

«Бір тал кессең, он тал ек». Бұл халықтық нақылдың, өкінішке қарай,еркіндіктерге еш қатысы жоқ сияқты. Жергілікті әкімдік қазір мұндағы ағаштың  бір талын қалдырмай қырқып жатыр. Сондықтан мұндағы ағаштардың қазір тек діңгегі ғана қалған.

Қолына ара ұстағандар қазір ауылдағы бір көшенің ағашын жайратып тастапты. Ал екінші жағында апатты жағдайдашіріп тұрған теректі тұрғындар бірнеше жылдан бері әкімдіктің есігін тоздырып жүрсе де,кестіре алмапты. Сөйтсе дәл осы жас терегі қырқылған көшемен жоғары кернеулі электр желісі тартылмақ.  

Марина Петрова, Еркін ауылының тұрғыны:

Ауылдың етегінде фармацевтикалық фабрика бар. Оған ауыл сыртынан айналдырып электр желісін тартуға тиімсіз болғандықтан, біздің әкім оны енді дәл біздің үйдің төбесімен жүргізуге мүмкіндік берген. Түйені түгімен жұтқандар халықты радиацияның атына отырғызбақ.

Бірақ әкім «радиация болмайды»деп көпшілікті сабырға шақырды. Айтуынша, жоғарғы кернеулі электр желісі жаңа технология бойынша салынады. Одан бөлек,тұрғындар кесілген ағашты әкімдік 10-15 теңгеге сатып жатыр деп шулады. Жергілікті билік өкілі де жұмысқа қажетті жанар-жағармайды «жасыл желекті саудалау арқылы тауып жатырмыз»дейді.  


Қасенхан Әуелбаев
, Қайнар ауылдық округінің әкімі:

— Бригада жұмыс істеп ғой, арасында бензині бар, сол үшін сатып жатыр. Ал маған арыз берген адамдардың барлығына  тегін беріп жатырмыз.

«Ағаштар қырқылып жатыр!» дегенді  естіген бас эколог та осында шауып келіпті. Ауылдағы көріністі көргеннен кейін ол әкіммен «соттасам» деп тіс қайрап кетті.

Мэлс Елеусізов, «Табиғат» қозғалысының жетекшісі:

—  Ол әкімді соттау керек, қазір соған тырысамын. Ауданның әкімі неге қарамайды, мынаған? Мынау деген сұмдық қой! Бәрін қырқып жатыр, тірі ағаштың бәрін, енді содан пайда тауып жатыр.

Қайнар ауылдық аймағына 12 елдімекен кіреді. Оның ішіндегі 10 ауылда ауыз су, электр жарығы, жол мәселесі соңғы 10 жылдан бері шешімін таппаған.

Бала-шағамызға су керек, жол керек. Жолды бәріміз ақша жинап жасап алдық. Су деген,міне,97-ден бері жоқ, шөлдеп өлдік.

Соған қарамастан жергілікті әкімдіктің бар мәселені жиып қойып, аяқ астынан ағаш кесуге, бір фирмаға электр жарығын тартуға кірісіп кеткені әзірге түсініксіз.

Соңғы жаңалықтар