Олардың дені аудандарда ағылшын тілінен сабақ беріп келіпті, деп хабарлады Egemen.kz.
Ақтөбе облысы бойынша Білім беру саласындағы бақылау департаментінің басшысы Жанна Қайшығұлованың мәлімдеуіне қарағанда, облыста мұғалім кадрлер жетеспейді. Соңғы жылдары мектеп бітірушілер арасында ұстаздық мамандықты қалайтын түлектер өте аз. Дәл қазіргі күні облыс аудандарында ең бірінші кезекте орыс тілі пәнінің мұғалімдері жетіспейтіні белгілі болып отыр. Соның біл салдары шығар біз тіпті Байғанин мен Ырғыз аудандарында қазақ тілі пәнінің мүғалімдері орыс тілінен де сабақ бергені жөніндегі деректер тіркелген.
Департамент басшысы өткен жылы 80, ал биыл 75 мектепті аттестациядан өткізгендерін айта келіп, оның нәтижесінде екі жүздің үстінде маман жетіспегені анықталғанын атап көрсетті.