Ағылшын тілінде мұражайларға арналған кітапшалар жарық көрді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ағылшын тілінде мұражайларға  арналған  кітапшалар жарық көрді

Ағылшын тілінде мұражайларға арналған кітапшалар жарық көрді

Бүгін Алматыда British Council халықаралық ұйымының ұйымдастыруымен өткен "Мұражайлардағы айлық" жобасының бірінші кезеңі аяқталды. Осыған байланысты бүгін British Council кеңсесінде салтанатты кеш өтті.

  • 26 Қаңтар 2011
  • 587
Фото - Caravan.kz

Естеріңізге сала кетсек, жоба 2010 жылдың мамыр айында British Council ұйымының қаржыландыруымен басталған болатын. Оның басты мақсаты — халықаралық стандарттарға сай мұражайлар үшін жолсеріктер мен кітапшаларды ағылшын тіліне аудару болып табылады. Жобаның бірінші кезеңіне 18 мұражай қатысты. Ал, жобаға атсалысқан ЖОО-ның еріктілері -студенттер кітапшаларды ағылшын тіліне аударған болатын.

Шарада British Council халықаралық ұйымының директоры Лина Мелошевич мұражай қызметкерлерін, білім беру мекемелерінің, халықаралық ұйымдардың өкілдерін, сонымен қатар еріктілерге алғысын білдіріп, сертификаттармен және арнайы сыйлықтарымен марапаттады. Сонымен қатар, ол жобаға қатысқан, еліміздің әр жерінде орналасқан мұражай өкілдеріне ағылшын тілінде басылып шыққан жолсеріктер мен кітапшалардың тегін 1000 данасын, сондай-ақ, олардың электрондық нұсқасын табыстады.

"2011 жылы біз әлі де осындай кітапшаларды Қазақстанның 10 мұражайына жасап шығаруды жалғастырамыз. Негізінен жыл соңына дейін 28 мұражайды қамтуды көздеп отырмыз. Биылғы шыққан кітапшалар тағы да басылып шығатын болады. Жобаны іске асыруға 10 мың фунт стерлинг жұмсалды. Алдағы уақытта сайт жасауды қолға алғалы отырмыз. Егер ол сайт жасалса, біздің барлық материалдарымыз ғаламтор арқылы бәріне қолжетімді болар еді. Осы жұмыстарды іске асыру үшін коммерциялық ұйымдарды тартпақ ойымыз бар", — деді British Council халықаралық ұйымының директоры Лина Мелошевич. Оның айтуынша жобаға жалпы саны 100 адам қатысқан.

Мәдениет министрлігінің өкілі, бас сарапшы Олжас Шериязданов, министрліктің атынан көлемді жоба үшін алғысын білдіріп: "Республикамыз үшін бұл шараның маңыздылығы зор. Театр ілгіштен басталса, еліміз мұражайдан басталады, сондықтан жоба аясында дайындалған бұл кітапшалар еліміздің бай мәдениеті мен тарихи мұрасын насихаттаудағы таптырмас құрал және Азиада кезінде ағылшын тілді қонақтар үшін табылмас көмек болмақ", -деді.


Перейти к новостям спорта