Ағымдағы сессияда Қазақстан сенаты 150-ден аса заң қабылдайды
Парламент сенаты төртінші шақырылымдағы төртінші сессия шеңберінде 150-ден аса заң қабылдайды, деп хабарлады палата спикері Қайрат Мәми. |
"30 -маусымда парламенттің төртінші шақырылымдағы төртінші сессиясы аяқталады. Бұл сессияда сенат 140 заң қабылдады. Ертең тағы 18 құжат қабылдаймыз, күзге 4-і қалады", деді Қ.Мәми Астанада сәрсенбіде баспасөз мәслихатында.
Ол атап өткендей, қабылданған құжаттар саяси салада, экономикалық даму мен әлеуметтік жаңалауда мемлекеттік саясатты жүзеге асыру жөніндегі құқықтық базаны елеулі толықтырды".
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін