Ағымдағы жылдың 10 айында кеден қызметкерлері $1,5 млн заңсыз алып шығуға, ал Қазақстан аумағына 197, 4 килограмм зергерлік бұйымдары заңсыз енгізуге жасалған әрекеттерге тосқауыл қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ағымдағы жылдың 10 айында кеден қызметкерлері $1,5 млн заңсыз алып шығуға, ал Қазақстан аумағына 197, 4 килограмм зергерлік бұйымдары заңсыз енгізуге жасалған әрекеттерге тосқауыл қойды

Ағымдағы жылдың 10 айында кеден қызметкерлері $1,5 млн заңсыз алып шығуға, ал Қазақстан аумағына 197, 4 килограмм зергерлік бұйымдары заңсыз енгізуге жасалған әрекеттерге тосқауыл қойды

Астана. 5 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Ағымдағы жылдың 10 айында кеден қызметкерлері $1,5 млн заңсыз алып шығуға, ал Қазақстан аумағына 197, 4 килограмм зергерлік бұйымдары заңсыз енгізуге жасалған әрекеттерге тосқауыл қойды. Бұл туралы бүгін өткен брифингте ҚР Қаржы министрлігінің кедендік бақылау комитетінің экономикалық қылмыстармен күрес бөлімінің бастығы Александр Огай мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 5 Қараша 2008
  • 486
Фото - Caravan.kz

«Тек ағымдағы жылдың 10 айында экономикалық контрабандаға қатысты 33 дерек бойынша $1,5 млн, 49 мың евро, 525 мың корей воны, 23 мыңнан астам қытай юанін алып шығудың жолы кесілді. Тағыда, салмағы 197, 4 килограмм зергерлік бұйымдары Қазақстан аумағына рәсімдеусіз заңсыз енгізуге байланысты тәркіленді»,- деді ол.

Комитет ақпаратына сәйкес, 2 қарашада Алматы каласының халықаралық әуежайында «Алматы-Пекин» № 888 рейсін кедендік тексеруден кейін шетел валютасын сырқа шығаруына оперативтік ақпарат бойынша Алматы калалық кеденшілері Қытай азаматын құрықтады. Оны кедендік тексеруден өткізгенде өзімен бірге жасырып 140 460 АҚШ доллары мен 400 евро алып өтпек болғаны анықталды. Кеденшілердің айтуы бойнша жолушы бұл валютаны заңды тұрде банк аркылы өткізе алатын еді. Енді оның үстінен қылмыстық іс қозғалу мәселесі қарастырылып, тексеру жұмыстары жасалып жатыр.

Естеріңізге салсақ, Қазақстаннан 10 мың АҚШ доллар колемінен астам валютаға арнайы, ақшаның заңды тұрде келгенін дәлелдейтін, құжаттар қажет. Ол 200 немесе 210 табыс салық декларациясы және осыдан бұрын алып кірізген валютана тұралы мәлімет көрсетілген кеден декларациясы.

Сонымен бірге, біз темір жолда оперативтік- іздестіру жұмыстарын атқару кезінде 3 қарашада Қытайдан заңсыз түрде Қазақстанға ұялы телефондарды кіргізбек болған «Үрімжі-Алматы» пойызының жүк вагонының жолсерігі құрықтады. Телефондар жол сөмкелеріне салынып, шкафтарда жасырылынған. Телефондардың саны мыңнан астам.

Сондай-ақ, кеше кешке, «Алматы-Пекин» рейсін рәсімдеу кезінде тағыда бір Қытай азаматы кеденшілердің колына түсті. Ол елімізден заңсыз 50 000 АҚШ долларын алып өтпек болған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар