Ағымдағы жылдың 5 айында еліміздің кен өндіру өнеркәсібі 4 триллион теңгенің өнімін өндірді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ағымдағы жылдың 5 айында еліміздің кен өндіру өнеркәсібі 4 триллион теңгенің өнімін өндірді

Ағымдағы жылдың 5 айында еліміздің кен өндіру өнеркәсібі 4 триллион теңгенің өнімін өндірді

Ағымдағы жылдың 5 айында еліміздің кен өндіру өнеркәсібі 4 триллион теңгенің өнімін өндірді.

  • 4 Шiлде 2011
  • 409
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан ASTANA MINING & METALLURGY атты 2-ші халықаралық тау-кен металлургия конгресінің «Тау-кен металлургиялық салаларды мемлекеттік реттеу: тиімді тәсілдер және оң тәжірибелер» тақырыбында өткен сессиясында ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Альберт Рау мәлім етті.

Қазіргі уақытта тау-кен металлургиялық кешеннің еліміздегі жетекші салалардың біріне айналып, ішкі жалпы өнімнің 7 пайызын, өнеркәсіптік өндірістің 17 пайызын құрап отырғандығын айта келе: «Ағымдағы жылдың 5 айында еліміздің кен өндіру өнеркәсібі 4 триллион теңгенің өнімін өндірді. Бұл өткен жылға қарағанда 102 пайызға көп», — деді ол.

Вице-министрдің атап өтуінше, кешен бойынша физикалық көлем индексі толықтай алғанда 112 пайызды құрайды.

Соңғы жаңалықтар