Ағымдағы жылдың 9 айында Алматыдағы инфляция индексі 109 пайызды құрады - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ағымдағы жылдың 9 айында Алматыдағы инфляция индексі 109 пайызды құрады

Ағымдағы жылдың 9 айында Алматыдағы инфляция индексі 109 пайызды құрады

Алматы. 21 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Ағымдағы жылдың 9 айында Алматыдағы инфляция индексі 109 пайызды құрады. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов Алматы қаласының 2008 жылдың 9 айы ішінде әлеуметтік - экономикалық дамуының қорытындылары бойынша өткізген кеңесте айтты, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 21 Қазан 2008
  • 595
Фото - Caravan.kz

Қалалық әкімдіктің ақпаратына сәйкес, кеңеске қалалық және орталық мемлекеттік құрылымдардың өкілдері, бизнесмендер мен банкирлер қатысты.

Кеңесте айтылған ақпарат бойынша, үстіміздегі жылдың осы сөз болып отырған мерзімінде даму қарқыны төмендеген. Мәселен, өнеркәсіп өнімі өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 8,9 пайызға, қаржы бөлу көлемі 8,3 пайызға азайған, тұрғын үйді іске қосу 19,7 пайыз болған.

Экономикалық жағдайдың дағдарысына қарамастан қала бюджеті өзінің әлеуметтік бағытынан тайған жоқ. Инфляциялық процестердің төмендеуі де байқалады. Кіші бизнес субьектілерінің қатары көбеюде.

Кеңесте сөйлеген сөзінде Ахметжан Есімов мемлекеттік органдардың қазіргі қиын жағдайда жұмыс тиімділігін арттыруда белсенділік танытпай отырғандығын атап өтті. Соның салдарынан, президент тапсырмасы бойынша бөлінген қаржы көздері тиімді пайдаланылмай келеді. Әкім бұған мысал ретінде құрылыс саласын реттеуге бөлінген 4 млрд. АҚШ доллары мен шағын және орта бизнесті дамытуға бөлінген 50 млрд. теңгені атады.

«Несие өтініштерін ұзақ қарау орынсыз, банктер үшін бұл істі атқаруға 6 айлық жеңілдік кезең берілген. Бұл өтініштер миллиондаған инвестициялық жобалар емес, шағын және орта бизнестің бизнес — жоспарлары. Өтінішті ұзақ қарау салдарынан біз қаржыны барынша баяу игерудеміз», — деді Ахметжан Есімов.

Ол президенттің тапсырмасы бойынша экономиканы тұрақтандыру барысында үлкен әрі ауқымды істердің атқарылатындығын, бөлінген қаржыларды игерудегі басты прицип «транспаренттік, есеп беру, оперативтілік, белсенділік және нақтылы нәтиже» болатындығын ерекше атады.

Әкімнің пікірі бойынша, кіші және орта бизнесті дер кезінде тіркеу, салықты азайту мен мораторийдің одан әрі жалғасуы кәсіпкерлікті дамытудағы басты буын болуы тиіс. Бұл сала өздеріне көрсетіліп отырған жеңілдіктерге жауап ретінде кәсіпкерліктің әлеуметтік бағыты мен транспаренттікті арттырғандары жөн.

Үлескерлер дауын шешуге қатысты сөз еткен әкім Алматыда осы мәселемен айналысатын арнайы өкілетті органның құрылғандығын, мемлекеттік қаражаттың банктерге түскендігін, салынатын нысандардың тізімі жасалғандығын, бірақ құрылысшылардың техникалық қиындықтарға тіреліп отырғандығын да айтты.

Әкім бизнесті дамытудың қазіргі мүмкіндіктерін саралай келіп, болашақтағы бағыттар, соның ішінде алматы қаласының азық- түлік белдеуі туралы да айтты. Бұл А. Есімовтың пікірінше, импорт көлемін азайтуға, жаңа жұмыс орындарын, үлкен қаржыны қалыптастыруға ықпал етеді.Әкімнің орынбасары мен өнеркәсіп және кәсіпкерлік басқармасына осыған орай тиісті бағдарлама жасап, оны жүзеге асыру жоспарын даярлау тапсырылды. Әкім сонымен қатар, қалалық индустриалды- инновациялық даму бағдарламасының ескіргендігін, оны таяу арада қайта қарау қажеттігіне де тоқталды.

Қазіргі кезде 2009 жылдың бюджетін жасау жөніндегі жұмыс аяқталып қалды. А. Есімов мұнда да оның әлуметтік бағытығы сақталатындығын, бірақ қаржыны игеруде мемлекеттік менеджменттің барынша кәсіби сипат алатындығын, бюджеттік тәртіптің қатал болатындығын да ерекше атады. Әкім қаржыны тиімді пайдалануда мемлекет пен жеке капиталдың серіктестігін дамыту қажеттігіне де тоқталды.

«Жалпы, Алматыда жағдайды дұрыс қалыптастырып, өсу траектроиясына жету үшін қажеттіліктің барлығы бар. Алматының әлеуметтік — экономикалық дамуын жаңа сатыға көтеру үшін біз өзіміздің барлық жұмыстарымызды жандандырып, игі нәтижеге қол жеткізетін боламыз»-, деп қорытындылады өз сөзін жиналғандар алдында Ахметжан Есімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар