Ағымдағы жылдың алғашқы алты айында негізгі капиталға салынған инвестициялар 12,5% өсті - ҚР Көлік және коммуникация министрлігі - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ағымдағы жылдың алғашқы алты айында негізгі капиталға салынған инвестициялар 12,5% өсті - ҚР Көлік және коммуникация министрлігі

Ағымдағы жылдың алғашқы алты айында негізгі капиталға салынған инвестициялар 12,5% өсті - ҚР Көлік және коммуникация министрлігі

Астана. 25 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Ағымдағы жылдың алғашқы алты айында негізгі капиталға салынған инвестициялар 12,5% өсті. Бұл туралы бүгін ҚР Көлік және коммуникация вице-министрі Дулат Көтербеков мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 25 Қыркүйек 2008
  • 518
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 2008 жылғы 25 қыркүйекте VII Халықаралық «ТрансЕуразия-2008» форумы аясында «Қазақстан Республикасының көлік саласындағы концессиялық жобалар» деген тақырыпқа арналған Халықаралық конференция болып өтті. Конференция барысында ҚР Көлік және коммуникация вице-министрі Дулат Көтербеков, ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі М.Құсайынов, халықаралық және аймақтық ұйымдардың, көліктік компаниялардың, қаржы және сақтандыру ұйымдарының басшылары мен өкілдері баяндама жасады.

Көлік және коммуникация вице-министрі Д.Көтербеков «Қазақстан Республикасының көлік саласындағы инвестициялық жобаларға шолу» деген тақырыпта баяндама жасады. Өз сөзінде вице-министр былай деді: «Орталық Азия елдерінің Ішкі жалпы өнімінің 70 пайызы біздің еліміздің үлесінде. Жыл сайынғы экономикалық өсу соңғы 5 жылдың ішінде 10 пайызға өсті. Орталық Азия аймағына құйылған шетелдік инвестициялардың 80 пайызынан астамы Қазақстанға тиесілі. Қазақстанның экономикасына салынған тікелей шетелдік инвестициялар 70 млрд. АҚШ доллардан асты».

Өз сөзінде Д.Көтербеков мемлекеттік-жеке меншіктік серіктестіктің дүние жүзінде қолданылу алғышарттарына тоқталып өтіп, елімізде концессиялық жобаларды жүзеге асырудың заңнамалық базасын қалыптастыру барысына, осы механизмді іске асыру проблемаларына, басталып кеткен және жоспардағы концессиялық жобаларға жан-жақты тоқталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар